«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының кәсіпкерлері бизнесті дамытудың өңірлік стратегиясын әзірлеуді ұсынды

2022 жылғы 27 Тамыз
- Жетісу облысы
8813 просмотров

Өңірлік кеңес мүшелерінің пікірінше, облыстағы бизнесті дамыту мақсатында бірыңғай, әрі тиімді стратегия әзірлеу уақыты келді. Бағдарламаны мемлекеттік органдармен бірлесе іске асыру жолдарын да дайындау қажет. Сондықтан бизнес өкілдерінің мәселелерді жүйелі шешу бойынша нақты ұсыныстары бар.

Сондай-ақ отырыста мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, фармацевтикалық және сауда қызметі, тауарларды таңбалау, жер қойнауын пайдалану, салық салу салаларындағы 20-ға жуық мәселе қозғалды. Кәсіпкерлер жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, суару арналарының болмауы, бас жоспарлардың қолжетімді болмауы және т.б. сұрақтарды көтерді.

Жеке білім беру өкілдерінің айтуынша, облыс деңгейінде мектеп құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру қиын. Себебі өңірде жер телімдерін алу және нысандарды заңдастыру оңай емес.
 

Өз кезегінде ҰКП басшысының орынбасары Тимур Нақыпбеков Үкіметте бизнес мәселелерін талқылау үшін диалог алаңы құрылғанын, онда "Атамекен" мемлекеттік органдар деңгейінде шешуді талап ететін өзекті және жүйелі проблемаларды көтеретінін жеткізді.

Кездесуді қорытындылай келе, кәсіпкерлер облыста бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер