«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысушыларға арналған семинар өтті

2022 жылғы 15 Маусым
- Қызылорда облысы
9948 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысушыларға арналған семинар өтті.

Шараға байқауға өтініш берген Қызылорда қаласы мен аудан кәсіпкерлері, өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары, сондай-ақ өңірлік сараптамалық топ мүшелері қатысты.

Семинарға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Мәдина Мұқатова арнайы келіп, байқау ережелерімен, талаптарымен, құжат әзірлеуде ескерілетін ерекшеліктерімен таныстырды.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы мен «Алтын сапа» сыйлығы –  кәсіпкерлерге арналған ең жоғарғы, Президент тапсыратын марапат. Жалпы тауардың бәсекеге қабілетін, тұтынушылар арасында танымалдығын арттыру үшін бұндай байқауларға қатысу аса маңызды. Өңірлік, республикалық деңгейде тәжірибе жинап, жаңадан серіктестер табуға да таптырмас мүмкіндік», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Бүгінге дейін «Қазақстанның үздік тауары - 2022» өңірлік көрме-байқауына 48 кәсіпкер, «Алтын сапа» сыйлығына қатысуға 10 кәсіпкер өтініш берді. 

«Сапа саласындағы байқаулар бүкіл әлемде өткізіледі. Тек біздің елімізде ғана байқауға қатысу тегін. Қызылордалық кәсіпкерлердің үздіктерге арналған байқауға ерекше қызығушылық танытып отырғаны қуантады. Семинарға да өте белсенді қатысты. Шараға Кәсіпкерлер палатасының мамандары өңірлік көрме-байқаудың сараптамалық топ мүшелерін де шақырған. Дұрыс шешім. Байқау өткен кезде бағалау талаптармен қазірден таныс бола алады», – деді семинарда «Атамекен» ҰКП сарапшысы Мәдина Мұқатова.

Айта кету керек, өтініштер 1 шілдеге дейін қабылданады. Кәсіпкерлер толық ақпаратты www.altynsapa.kz сайтынан немесе Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына  87079885080 нөміріне хабарласып алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер