«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында кәсіпкердің құқығы қорғалып, сот шешімі өзгертілді

2022 жылғы 13 Маусым
- Жетісу облысы
4324 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкердің құқығын сотта қорғап шықты.

TechnoDom жеке кәсіп иесі Константин Фирсов 11 сәуірде Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан құқығын қорғауды сұраған. Кәсіпкердің мәліметінше, осы жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кәсіпкерге «мемлекеттік сатып алу ісіне адал емес» деген шешім шығарған. Оған себеп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік сатып алу бойынша кәсіпорынға жеткізілген тауарлар ішінен дәріхана қорапшасының сертификатын талап еткен.

Даулы мәселеге өңірлік палатаның құқықтық бөлімінің сарапшысы Ілияс Мырзекенов араласып, шешуге көмектесті. Маман мұндай сетификаттардың келісімшартта көрсетілмегенін анықтады. Палата сарапшысы сотқа қайта жүгінді. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шешімін өзгертіп, жаңа қаулы шығарды. Аппеляциялық арыз қанағаттандырылып, жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер