«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының колонияларында 37 кәсіпкер өндіріс ашты

2022 жылғы 11 Сәуір
- Жетісу облысы
5345 просмотров

Алматы облысында түзеу мекемелерінде 37шағын және орта бизнес  субъектісі жұмыс істейді.

Алматы облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) басшысының  орынбасары Манас Тұяқбаевтың айтуынша, мекемелердің аумағында өндірістік шеберханалары мен бос аумақтары бар өнеркәсіптік аймақтар құрылған, онда кәсіпкерлерге бизнес жүргізу үшін жеңілдіктер ұсынылады.

«Негізгі міндет – бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекті ынталандыратын, көпсалалы, лайықты сыйақыны ғана емес, сонымен қатар өндірістің түрлі салаларында сотталғандардың кәсіби дағдыларын үйренуге жіне дамытуға ықпал ететін еңбекке баулу. Аумақтарда ғимараттар мен үй-жайларға барлық коммуникация жүргізілген, сондықтан кәсіпкерлерді ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді Манас Тұяқбаев Талдықорған қаласының «Атамекен» палатасында кәсіпкерлермен өткен жиын барысында.

ЛА 155/4, ЛА 155/12, ЛА 155/8 мекемелерінің өкілдері атап өткендей, қазіргі уақытта олардың аумағында металл құрылымдарынан жиһаз жасау, металл қоршаулар, балалар алаңдары, қолөнер бұйымдары, қонақ жиһаздары, киім тігу бойынша цехтар, наубайханалар, азық-түлік дүкені және басқа да нысандар жұмыс істейді. 

«Жыл сайын департаментпен бірлесе кәсіпкерлер үшін экскурсиялар мен кездесулер өткізіп, колониялардың өнеркәсіптік аймақтарының аумағында жұмыс істеп тұрған өндірістерді ашуға немесе кеңейтуге шақырамыз. Түзету мекемелері кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауда. Нәтижесінде шағын бизнеспен қатар, танымал ірі компаниялардың да цехтары жұмыс істеуде», – деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Меруерт Бакибаева.

Жиын барысында өңір кәсіпкерлеріне мекемелердің өнеркәсіптік аймақтарының аумағында өндіріс орындарын ашу шарттары түсіндірілді, сондай-ақ кәсіпорындар шығарған өнімдердің шағын көрмесі ұйымдастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер