«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС құру туралы

2022 жылғы 10 Ақпан
4633 просмотров

Жария талқылау мақсатында Түркістан облысы Туризм басқармасының «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС (бұдан әрі –  Серіктестік) құру туралы сұрауы жарияланады.

Нарық субъектісін құру мақсаты – Түркістан облысының туризм саласындағы кәсіпкерлікті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдау және дамыту. Жаңа заңнамаға сәйкес субсидияланатын жобаларға сүймелдеу жасау және бақылау. Серіктестік құрудың негізгі мақсаты – туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің деңгейін көтеру.

Серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

  • Коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультация беру (ЭҚЖЖ 70221);
  • Коммерциялық және қоғамдық кәсіпкерлік ұйымдар қызметі (ЭҚЖЖ 94110); 
  • Ойын-сауық және тақырыптық парктердің қызметі (ЭҚЖЖ 93210).

Сондай-ақ Жарғының 1.8-тармағына сәйкес мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыру жоспарлануда:

  • Қазақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату;
  • туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде ілгерілету;
  • туристік қызмет саласында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, туризм саласына инвесторлар тарту;
  • Түркістан облысына жергілікті және шетелдік туристерді тарту;
  • туристік ағындарды талдауды зерттеу;
  • туристік объектілер салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру/инвестициялау;
  • инвестициямен байланысты саясатты жүргізу – өсу нүктелерін ынталандыру;
  • туризм саласындағы жобалардың преференцияларын, жеңілдікті кредиттеуін/қаржылық лизингін алуда, сыйақы мөлшерлемесін және пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауда қолдау көрсету;
  • аудан әкімдерімен инфрақұрылымды дамыту жоспарын бірлесіп жүргізу;
  • туристік қызмет көрсету сапасына мониторинг және бағалау жүргізу;
  • дестинацияларды дамытуды жүйелі жоспарлауды қамтамасыз ету;
  • жылжыту мен маркетингтің бірыңғай ақпараттық саясаты;
  • оқыту/кадрлық саясат (оқытуды, тағылымдамаларды ұйымдастыру, негізгі ойыншыларды тарту және басқа да іс-шаралар).

Құрылтайшысы – Түркістан облысының Туризм басқармасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер