«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер несие төлемдерін 31 қаңтарға дейін кейінге шегере алады

2022 жылғы 14 Қаңтар
6068 просмотров

 Микро, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап қарыз алушымен келісімшарт негізінде несие беруші ұйым айқындаған кезеңге несие төлемдерін кейінге шегере алады.

 Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 5 қаңтарда төтенше жағдай енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге шегеру тәртібін әзірлеп, бұйрықпен бекітті. Бұл тәртіп екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, соның ішінде ломбардтар және кредиттік серіктестіктерге қолданылады.

 Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлердің өтінімдерін қарарда олардың қаржы жағдайының нашарлауын немесе келтірілген залалды растайтын фактілерге назар аударады. Шешім кәсіпкер пайдасына шешілген жағдайда берілген шегерімге сәйкес несие төлеудің жаңа кестесі құрылады, оған:

 - өсімпұл мен айыппұл есептемей несие және пайыздар бойынша негізгі борышты толық көлемде төлеу;

- мерзімін кейінге шегеру мерзіміне тең немесе мерзімін сақтай отырып, бірақ ай сайынғы төлемді қайта есептеу және ұлғайта отырып несие мерзімін ұлғайту не қарыз шартында немесе қарыз алушының өтінішінде көрсетілген өзге өтеу тәсілі;

- оң несие тарихын сақтау;

- төлемдерді кейінге шегеруді бергені үшін комиссияның болмауы жатады

Несие төлемдерін кейінге шегергісі келетін кәсіпкерлер қызмет көрсетілген банк немесе микроқаржы ұйымына 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін өтінім беру қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер