«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау Бизнес» Алматы облысында халықтық жобаға айналды

2021 жылғы 30 Желтоқсан
- Жетісу облысы
9092 просмотров

Биыл Алматы облысында екі мыңнан астам адам шағын несие мен грантқа ие болды. Табысты жобалар «Бастау Бизнес» жобасының түлектерімен жүзеге асырылды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Сәния Наурызбаеваның айтуынша, биыл 3,1 мың жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бизнес негіздері бойынша оқытудан өтті. Оқу жылы жарқын оқиғалар мен маңызды жобаларға толы.

«Соңғы жылдары қатысушылар арасында әйелдердің белсенділігі артып келеді. Биыл бұл көрсеткіш 52% құрады. «Бастау Бизнестің» жастар арасында ерекше танымалдылығы байқалады. Сондықтан білім алғандардың 23% – 29 жасқа дейінгі жастар. Біздің өңірдің мамандануын ескере отырып, жобалардың көпшілігі ауыл шаруашылығы саласында іске асырылды. Алайда, халықтың сұранысына байланысты кәсіпкерлер сұлулық индустриясы, тігін ісі және қоғамдық тамақтану сияқты салаларда көбірек бизнес ашуда. Жалпы, осы жылы біздің сүйемелдеуімізбен 2,4 млрд теңгеге 2035 жоба қаржыландырылды. 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды», - деді Сәния Наурызбаева.

Екінші жыл қатарынан «Бастау Бизнес» жобасы дәстүрлі түрде онлайн форматта «Atameken.co» платформасы арқылы өтуде. Алайда, шектеу шараларын ескере отырып, бизнес-тренерлер жеке консультациялар мен түрлі іскерлік іс-шаралар ұйымдастырды.

Онлайн форматтың арқасында қатысушылар өз уақыттарын бағалай бастады, дейді бизнес-тренер Мейірман Сауранбеков.

«Биылғы оқу жылы сәтті және табысты өтті деп есептеймін. Бұрын офлайн форматта қатысушылардың жеке кеңеске уақытылы келіп, қатыса алмайтын. Қазір онлайн режимнің арқасында біз қатысушылармен және түлектермен әрқашан байланыстамыз. Біз кеңесімізді кез келген жерде өткіземіз: кеңсе, көшедегі алаң немесе автокөлік болсын. Сондықтан өз уақытымызды көбірек бағалай бастадық, ал бұл болашақ кәсіпкер үшін өте маңызды», – деп атап өтті бизнес-тренер.

Жылдың маңызды оқиғаларының бірі көптен күткен «Atameken Zhetysu» микроқаржы ұйымының ашылуы болды. Микроқаржы ұйымы жоба түлектеріне жеңілдетілген несие беру үшін құрылды.

«Осы жылы карантиндік шаралар жеңілдеген кезде біз қатысушылармен өзара кездестік, бұл кездесулер екі тарап үшін де өте жемісті болды. Бетпе-бет бір-бірімізді көріп, оларға бизнес-жоспарлар, мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша жеке кеңестер беру мүмкіндігіне ие болдық. Соның нәтижесінде 2021 жылы оқытылған 325 адамның 197-сі «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттар мен несиелерге қол жеткізді. «Atameken Zhetysu» арқылы несиелеуге өтінім берген 20 дан астам жобаны жүзеге асыру жоспарда бар», - деп атап өтті бизнес-тренер Ардақ Серікбаева.

«Жыл аяқталуда, бірақ біздің жұмысымыз қарқынды түрде жалғасуда. Себебі әрқайсымызда жобасын іске асыруға көмектесуі қажет жүздеген кәсіпкер бар. Мен жұмыс істейтін Еңбекшіқазақ ауданында биыл 88 жоба қаржыландырылып, 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобалардың ішінде медициналық орталық пен кондитерлік цехтың мемлекеттік гранттың арқасында жүзеге асырылатын жобаларын атап өтуге болады», – деп бөлісті бизнес-тренер Ренат Мамырбеков.

Халықтық жоба әлеуметтік желілер мен медиа арқылы көпшілікке белсенді түрде насихатталды. Бизнес-тренерлер Instagram және Facebоok ондаған тікелей эфир, теледидар мен ақпараттық порталдарда ақпарат берді. Апта сайын Ұлттық палатаның сайтында және өңірлік палатаның аккаунттарында табысты жобалар жария етілді.

«Мен сабақ берген екі өңірде 300-ден астам қатысушы білім алды, олардың 121-і грант жеңіп алып, жеңілдетілген несие алды. Әріптестерімізбен бірлескен жұмысымызды жергілікті «Жетісу» телеарнасы, республикалық арналар арқылы және әлеуметтік желілерге бейнероликтер түсіру арқылы танытып жүрдік», - деді бизнес-тренер Арнұр Тоқанұлы.

Биыл жоба түлектері алғаш рет өнімдердің жәрмеңкелері мен көрмелерін ұйымдастырды. Солардың бірі Ұйғыр ауданында өтті. Жәрмеңкеге 22 кәсіпкер қатысып, киім-кешек, кәдесыйлар, тоқыма, зергерлік және кондитерлік өнімдер, бал, кептірілген жемістер, сүт, полиграфиялық өнімдер ұсынды.

«Бастау Бизнес» оқыту жобасы түлектерінің тауарлары мен қызметтерінің жәрмеңкесіне 360-тан астам адам келді. Кәсіпкерлер мен тұрғындар жобалармен танысып қана қоймай, өнімдерін сатып алды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер бір-бірімен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық орнатуы үшін В2В кездесулер ұйымдастырдық. Қатысушылар аталмыш жәрмеңке мен көрмелерді тұрақты негізде өткізу туралы ойларын жеткізді», – деп атап өтті бизнес-тренер Дулат Сауытбеков.

Өткен жылы өңірлік палатаның бастамасымен бизнес-тренерлер үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын ұйымдастыру бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды. Сәния Наурызбаева «Бастау Бизнес» оқыту жобасының түлектері аталмыш бастамаға шақырылып, салалық белгілері бойынша бірігуге және белгілі «Шелек фермерлері» кооперативінің үлгісі бойынша пәрменді кооператив құруға болар еді деп санайды.

«Біз бірнеше айдан бері бизнес-тренерлер мен түлектер арасында оқыту және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бүгінгі таңда кооперативтер құру бойынша бірнеше ұсыныс бар, оларды алдағы уақытта іске асыруға қолдау көрсететін боламыз. Сонымен қатар, келесі жылы B2B алаңдарын құру мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бірлестігін құрып, оларды өзара іс-қимылдың және өз өнімі мен брендін ілгерілетудің жаңа деңгейіне шығаруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Алматы облысы ӨКП кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Сәния Наурызбаева


Еншілес ұйымдар

Серіктестер