«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кез келген ынталандыру тыйымға қарағанда жақсы жұмыс істейді – Якупбаева

2021 жылғы 21 Қыркүйек
4412 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кез келген ынталандыру тыйымға қарағанда жақсы жұмыс істейтінін бірнеше рет атап өтті. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook парақшасында жазды.

Бүгін ведомствоаралық комиссия отырысында бизнес үшін кезекті жеңілдіктер мақұлданды.

«Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты 27 қыркүйектен бастап матрицаға сәйкес салтанатты іс-шаралар өткізуге рұқсат етіледі. Көрмелер мен спорттық іс-шараларды өткізу кезінде рұқсат етілген келушілер саны артты. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кез келген ынталандыру тыйымға қарағанда жақсы жұмыс істейтінін бірнеше рет атап өтті», – деді басқарма төрағасының орынбасары.

Палата өкілінің айтуынша, халық әлі де мерейтойлар мен үйлену тойын ұйымдастырып жатыр, бірақ санитарлық нормаларды сақтамай өткізеді.

«Салтанатты іс-шараларды өткізуге қатысты оңтайлы ережелердің қабылдануы бизнестің көлеңкеден шығуы және халықты вакциналау үшін елеулі ынталандыру болады», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, Юлия Якупбаева реставраторлардың сөзіне сілтеме жасап, салтанатты іс-шаралар көптеген бизнес жұмысының қайта жандануына себепкер болатынын жеткізді.

Мұндай бизнестің қатарында мыналар бар:  сұлулық индустриясы, тамақ өнеркәсібі, фермерлер, сусындар өндірісі, фото және видео түсіру, көлік жалға беру, сауда (көйлектер, сыйлықтар), музыкалық ұжымдар және басқалар.

Айта кетейік, ВАК шешіміне сәйкес, 27 қыркүйектен бастап салтанатты жиындар, форумдар, марафондар және басқа да отбасылық шаралар өткізуге рұқсат етіледі.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ashyq қосымшасында «қауіпсіз» статусы бар қызметкерлер мен қонақтардың қатысуымен салтанатты шаралар, еске алу және отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат беру бойынша шешім қабылдады.

  • «жасыл» аймақта толымдылық 50%-ға дейін, келушілер саны 100 адамнан артық емес; ашық алаңда – 1000 адамнан артық емес;
  • «сары» аймақта толымдылық 50%-ға дейін, келушілер саны 70 адамнан артық емес; ашық алаңда – 800 адамнан артық емес;
  •  «қызыл» аймақта толымдылық 50%-ға дейін, келушілер саны 50 адамнан артық емес; ашық алаңда – 500 адамнан артық емес.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер