«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие қызметтер белгілі болды

2021 жылғы 11 Тамыз
- Жетісу облысы
6004 просмотров

Алматы облысының кәсіпкерлері арасында маркетинг және бухгалтерлік есеп қызметтері ең сұранысқа ие қызметтер қатарында. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірдің 10 мыңнан астам кәсіпкері «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында бизнесті ашу және жүргізу бойынша сервистік қызметтер мен кеңестер алды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілеріне ақысыз негізде облыстың қалалары мен аудан орталықтарындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы қаржылай емес қолдау көрсетіледі. Биылғы жылдың І жартыжылдығында өңірдегі 10 511 кәсіпкерге 9705 сервистік және консультациялық қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, 13,8 млрд теңгеге 375 бизнес-жоспар әзірленіп, оның ішінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеге жуық 55 жоба іске асырылды.

«Жүргізген талдауымызға сәйкес, сервистік қызметтер бойынша кәсіпкерлер арасында маркетинг мәселелері бойынша қызметтер мен бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер ең танымал болып табылады. Әрі қарай кәсіпкерлер заң қызметтері мен мемлекеттік сатып алу мәселелеріне жиі жүгінеді. Өтініштердің басым бөлігі ауыл шаруашылығы және сауда саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің үлесіне тиесілі. Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша кәсіпкерлерде бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, бизнесті ашу және жүргізу мәселелері және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері бойынша кеңестер сұранысқа ие», - деп хабарлады Әсет Шаяхметов.

Өтініш білдіргендердің 97,4%-ы шағын кәсіпкерлік субъектілері. Олардың жартысынан көбін немесе 54,5%-ын әйелдер басқарады.

«Атамекен» облыстық палатасының басшысы Әсет Шаяхметов кәсіпкерлер үшін аталған қызметтер тегін екенін атап өтті. Сондай-ақ, барлық қызметтер www.g4b.kz ҚР ҰКП платформасы арқылы онлайн режимде толық көлемде ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер