«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында Ashyq лидерлері қалай жұмыс істейді

2021 жылғы 10 Тамыз
- Жетісу облысы
7826 просмотров

Өңірдің бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес Алматы облысында Ashyq лидерлеріне жұмыс кестесі сағат 8.00-ден 02:00-ге дейін ұзартылып, демалыс күндері локдаун алынып тасталды.

Соңғы екі апта қорытындысы бойынша Алматы облысында келушілерді тіркеу бойынша нәтиже көрсеткен 38 бизнес нысанға «Ashyq лидерлері» статусы берілді. Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары атап өткендей, лидерлердің басым бөлігі қоғамдық тамақтану саласында тіркелген. Сондай-ақ,  үздіктер қатарында бассейндер, СПА орталықтары, мәдениет және сауда нысандары, компьютерлік клубтар, қонақ үйлер, балалар ойын-сауық орталықтары, демалыс аймақтары, сауда ойын-сауық орталықтары бар.

 Жоба лидерлерінің бірі – «Рахимов Б.К» жеке кәсіпкерлігі. Талдықорған қаласында жеке кәсіпкерлік «PINTA» және «Banka Bar» атты екі ірі мейрамхананың жұмысын жүргізеді. «Banka Bar» әкімшісі Рамина Лоның айтуынша, мейрамхана Ashyq жобасына бірден қосылып, жұмыстың шаттарын бұлжытпай орындап жатыр.

 

 «Біз санитарлық талаптарды сақтап, келушілерді қосымша арқылы ғана кіргіземіз. Бұдан бөлек, мейрамханалардың қызметкерлерінің барлығы дерлік вакцина салдырды. Сондықтан кәсіпкерлік субъектілеріне Ashyq жобасымен ашық әрі әділ жұмыс істеуге кеңес береміз», – деп хабарлады Рамина Ло.

 Жобаның тағы бір лидері – Талдықорған қаласындағы Funky Town балалар ойын-сауық орталығы.

 

 «Біз жобаға 10 маусымда қосылдық. Ashyq жобасы арқылы біз жұмысымызды қайта бастадық. 14 шілдеден бастап лидерлер қатарындамыз, әрі келушілерді белсенді тіркеп отырмыз. Біз әлеуметтік жауапты бизнес ретінде қызметкерлердің вакцина салдыруына  жағдай жасадық», – деді орталықтың басқарушы менеджері Айназ Жаналиева.

 «Ashyq лидерлері» статусын  беруге қатысушылар тізімін жергілікті атқарушы орган қалыптастырады және әкімдік сайытна жариялайды. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, өңірде Ashyq жобасын енгізген нысандар саны бес мың бірліктен асты.

«Қазіргі кезде  жобаға 2829 нысан қосылды, тағы 2695 нысан сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, келушілерді мүлде тіркемеген немесе 20 тіркеу жинаған 454 нысан жобадан шығарылды. Сонымен қатар, палатаның әрбір филиалында біздің кеңесшілер кәсіпкерлерге QR-код алуға көмектеседі», – деді Әсет Шаяхметов.

 Ashyq жобасының қатысушылары, аутсайдерлері мен көшбасшылары туралы ақпарат Алматы облысы әкімдігінің сайтының басты бетінде жарияланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Атамекен» ҚР ҰКП Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ashyq жобасына қатысуға QR-кодты алу үшін өтінім беру процесін жеңілдетті. Бүгінде QR-кодты алу жүйесі толығымен автоматтандырылған және өтінімді мақұлдау туралы хабарлама бірнеше минут ішінде келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер