«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарағанды автовокзалы Ashyq қосымшасымен жұмыс істейді

2021 жылғы 21 Шілде
- Қарағанды облысы
4435 просмотров

Қазіргі кезде Қарағанды автовокзалында барлық облысаралық маршруттар жаңартылды. Атап айтқанда, «Қарағанды-Шымкент», «Қарағанды-Семей», «Қарағанды-Өскемен», «Қарағанды-Павлодар» бағыттары.

Бұдан басқа, облыс ішінде автобус тасымалдары да жұмыс істейді.

«Әр  автобус есігінде Ashyq қосымшасы бар. Сондай-ақ, вокзал ғимаратына кірер алдында күзетшілер тұрып, қосымша арқылы барлық келушілердің статусын тексереді. Мобильді телефонында қосымшасы жоқ немесе ескі телефоны бар жолаушылар үшін арнайы «күзетші» функциясы  қарастырылған. Онда инспектор жолаушының ЖСН-ін енгізіп, бірден статусын анықтайды. Әзірге «қызыл» және «сары» статусы бар жолаушылар жұмысы кезінде анықталған жоқ. Жолаушылар ағыны өте аз. Бірақ барлығын тексереміз», – деп атап өтті Қарағанды автовокзалы директорының орынбасары Гүлнар Мұқатова

 Қарағанды облысында Ashyq қосымшасына бүгінде 1721 бизнес нысаны қосылған. Олардың 67-сі жобадан шығарылды. Бұл қосымшаны пайдаланбаған және бір ай ішінде келушілерді бірде-бір рет тіркемеген кәсіпкерлер. 10 маусымнан бастап аймақта Ashyq қосымшасының арқасында «қызыл» статусы бар 228 және «сары» статуспен  401 адам анықталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер