«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қапшағайда көпбалалы ана аутсорсинг компаниясын ашты

2021 жылғы 23 Маусым
- Жетісу облысы
6936 просмотров

Алматы облысының Қапшағай қаласында төрт баланың анасы Дина Абселемова мемлекеттік бағдарлама бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, бухгалтерлік аутсорсинг қызметтін көрсететін жеке компаниясын құрды.

Дина өткен жылы Кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілетін «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасын аяқтаған. Оқуын сәтті тәмамдап, бизнес-жобасына 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант алды. Бұл қаражатқа ол бухгалтерлік аутсорсинг қызметтерін көрсететін жеке компания ашты. Қазіргі таңда шағын компания штатында бес қызметкер бар.

«Мамандығым қаржыгер болған соң, үнемі түрде жеке ісімді ашып, тәуелсіз болғым келіп жүрді. Осылайша мемлекеттік қолдау арқасында кәсіпкерлік негіздеріне оқып шықтым. Мен ашқан аутсорсинг компниясы заңды және жеке тұлғаларға бухгалтерлік қызметтер көрсетеді. Түрлі бағыттағы 20-дан астам компанияның бухгалтерлік есептерін жүргіземіз», - деп атап өтті Дина Абселемова.

Кәсіпкердің айтуынша, жақын жылдары нарықта аутсорсинг компаниялардың үлесі арта береді. Себебі, әсіресе, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне штатта бірнеше бухгалтер, қаржыгер сынды қызметкерлерді ұстау тиімсіз болып табылады.

«Жалпы, тек микробизнес қана емес, ірі компанияларда бірқатар қызметтерін аутсорсингке аударуда. Сондықтан нарықта сұраныс бар, бұл бағыт дами береді деп ойлаймын. Бастысы қызмет көрсету сапасын үнемі жетілдіріп, компанияның табысты бола түсуіне үлес қосу керек. Сонымен бірге мамандар заманға сай шұғыл түрде қызмет атқаратын, өзі ісіне, адал, жауапты болуы тиіс», - атап өтті кәсіпкер.

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мейірман Сауранбековтың айтуынша, биыл Қапшағай өңірінде «Бастау Бизнес» жобасын 58 адам аяқтап, қазіргі таңда 30 қатысушы оқуын жалғастыруда. Соның ішінде 13 азамат өз ісін дамыту үшін 200 АЕК көлемінде грант алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер