«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

"Үй жанындағы дүкен" иелері ұсыныстарын білдірді

2021 жылғы 19 Наурыз
- Жетісу облысы
7444 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп "үй жанындағы дүкен" иелерінің  мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді. 

МКД өкілдері "үй жанындағы дүкендері"  үшін бөлшек сауда кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) шығару бойынша міндеттеме туындамайтынын атап өтті. Акцизделетін тауарларды (алкоголь және темекі) сату кезінде, бұрынғыдай, олардың ақпараттық жүйеде алынғанын растау қажет. Бұрын бұл операция СЕӨС салық төлеушінің кабинетінде жүргізілген, ал қазір оны ЭШФ ақпараттық жүйесінде жасау қажет.

Талқылау барысында кәсіпкерлер ақпараттық жүйені жеңілдету, салық мөлшерлемесін 1% - ға дейін төмендету туралы ұсыныстарын білдірді. 

Осыған дейін өңірлік палатаның бастамасымен кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін жұмыс комиссиясы құрылған болатын. Кәсіпкерлер, мемлекеттік кірістер органдарының және "Атамекен" өкілдері қатарынан құрылған комиссия ай сайын талқылау және шешім қабылдау үшін отырыстар өткізбек. Өз кезегінде ұсыныстар уәкілетті органдарға жіберілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер