«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі қайта құрылады

2021 жылғы 01 Наурыз
- Жамбыл облысы
4435 просмотров

Өңірлік кеңес өзін-өзі тарату туралы хабарлады.

2021 жылы 1 наурызда Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда келесі құрамды сайлау туралы  өңірлік кеңес  қолданыстағы құрамын  тарату туралы  шешімді  бірауыздан қабылдады. Өзін-өзі тарату туралы шешім Өңірлік кеңес туралы ережеге сәйкес қабылданады. Онлайн отырысқа "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов ZOOM арқылы қатысты.

Бүгінгі таңда оның құрамында 24 адам - экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін және түрлі салалық қауымдастықтардың өкілдері болып табылатын облыстың бизнесмендері. 2013 жылдан 2020 жылға дейін облыстың Өңірлік кеңесі 100 отырыс өткізді.

Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері: облыс аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерін шоғырландыру; инвестициялық ахуалды жетілдіру және өңірде кәсіпкерліктің одан әрі өсуі туралы мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу; бизнестің барлық аспектілері бойынша кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жағдайлар жасау – қаржы институттарының мүмкіндіктерін ескере отырып, әкімшілік кедергілерді төмендетуден қаржыландыру мәселелерін шешуге дейін.

Сондай-ақ, Өңірлік кеңес Кәсіпкерлер палатасының дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі; басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттардың іске асырылуына жәрдемдеседі.

Өңірлік кеңестің құрамына Жамбыл облысы экономикасының басым салалары – өнеркәсіп, сауда, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс және құрылыс индустриясы болып табылатын кәсіпкерлер енгізілді. Мәселелерді егжей-тегжейлі қарау үшін Өңірлік кеңес жанында 7 комитет жұмыс істейді: өнеркәсіп, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен, сауда, қызмет көрсету, көлік және логистика саласында және әлеуметтік салада.

Бүгінгі таңда бизнес өкілдері Жамбыл облысының барлық консультативтік-кеңесші органдарына облыстық және аймақтық деңгейде қатысады.

Өңірлік кеңес төрағасы Мұқаш Ескендіров кеңес мүшелеріне Облыста бизнесті дамыту мәселелеріне белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ, кәсіпкерлік саласындағы жүйелі мәселелерді шешуге көмектескені үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев Өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау бойынша сайлауды өткізу алгоритмі туралы айтып берді, сондай-ақ, өңірлік кеңес мүшелеріне өңірдің бизнес өміріне белсенді қатысқаны, өңірлік палатаның қалыптасуына қосқан үлесі, кәсіпкерлік субъектілерінің жүйелі мәселелерін шешкені үшін алғыс білдірді және ӨКП мен ҰКП атынан алғыс хаттар табыс етті.

Айта кетейік, Жамбыл облыстық Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы құрылғанға дейін бұрынғы құрам өз өкілеттіктерін жүзеге асыруды жалғастырады. Облыстың әрбір кәсіпкері өз саласының кандидатына дауыс беру арқылы өз позициясын білдіруге мүмкіндік алады.

Сайлау науқанының басталуы мен өткізу барысы туралы кәсіпкерлерге қосымша БАҚ пен әлеуметтік желілерде хабарланатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер