«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бастау Бизнес: мал шаруашылығын дамытудан бастап монша-сауықтыру кешенін ашуға дейін

2020 жылғы 06 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
10876 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының тұрғыны, «Бастау Бизнес» жобасының түлегі Айнұр Кубенова қызмет саласын түбегейлі өзгертті

Айнұр Кубенова – жобаның 2018 жылғы түлегі. Оқу аяқталған соң келесі жылы ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие алып, мал шаруашылығын, атап айтқанда ірі қараны өсіруді қолға алды. Екі жыл бойы келіншек осы бағытты сәтті дамыта алды, осылайша алынған несие мерзімінен бұрын жабылды.

Мал шаруашылығы – маусымдық бизнес екенін түсінген біздің кейіпкеріміз жаңа бағытты игеруге бел шешті. Отбасылық кеңесте монша-сауықтыру кешенін ашу туралы шешім қабылданды.

«Кәсіптің осы түрін таңдамас бұрын Есіл ауданындағы нарық егжей-тегжейлі зерттелді. Содан кейін біз жаңа бағытты ашып, ілгерілете аламыз деген тұжырымға келдім. Жолдасыммен келісіп, Явленка ауылында монша-сауықтыру кешенін ашуға Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 6 млн теңге мөлшерінде несие алдым. Осы қаражатқа біз массаж-үйшігін, гриль-үйшігін орналастырдық, әкімшілікке арналған орынжай ашып, коммуникацияларды жүргіздік», – деді жеке кәсіпкер.

Кешен құрамына екі стационарлы монша, бу бөлмесі, суық суға арналған хауыз бен мангал қойылған беседкалар кіреді. Кәсіпкер жоспарланған мерзімге кешенді аша алмады. Енгізілген шектеу шаралары мен карантинге байланысты кәсіпкер кешенді ашу мерзімін бірнеше айға кейінге шегерді.

Қазіргі кезде кешен жұмыс істеп тұр, бұл жобаны іске асыру арқылы үш жаңа жұмыс орны құрылды. Алайда, Айнұр бұл жетістікпен тоқтамақ емес. Жоспарда бизнесті кеңейту көзделген. Мысалға, бизнес ханым көшпелі моншаны ашпақ, ол үшін «Еңбек» бағдарламасы арқылы  келесі жылы грантты бөлу байқауына қатысады.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер