«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысы Панфилов ауданының кәсіпкерлері 1800 отбасыға көмек көрсетті

2020 жылғы 08 Сәуір
- Жетісу облысы
6514 просмотров

«Біз Біргеміз» республикалық акция аясында Жаркент қаласындағы екі мыңға жуық отбасыға азық-түлік таратылды.

Төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындарына қолдау көрсетуге жергілікті кәсіпкерлер Серік Ақсубаев пен Алматы облыстық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес мүшесі Закиржан Кузиев 15 миллионға жуық қаражат бөлген.

1800 отбасыны қамтыған қайырымдылық шарасына Закиржан Кузиев басқаратын "Жаркент крахмал-сірне" зауытының қызметкерлері де қамтылған.

«Бізде 1200-ден астам қызметкерлер жұмыс істейді. Төтенше жағдайға қарамастан жұмыс тоқтаған емес. Сондықтан осындай жағдайда қол ұшын беру керек. Алдағы уақытта бұндай қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады,- зауыт басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер