«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» жобасының түлегі табысты аспазхананың иесі атанды

2020 жылғы 08 Қаңтар
- Жетісу облысы
5031 просмотров

«Бастау» жобасы бесінші легінің түлегі талдықорғандық Қарлығаш Құсайын жеке аспаздық ашуды көптен бері армандаған. Келіншек 31 жаста, 5 баланың анасы

Жоба бойынша оқу барысында Қарлығаш бизнес-тренердің көмегімен аспаздық ашу бойынша бизнес-жоспарды құрады. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы келіншек өз өніміне тартымды қаптама әзірлеп, клиенттерді тарту және сатылымдарды тиімділігін арттыру үшін жергілікті нарықты талдауды қолға алды. Мемлекеттік грант алу бағдарламасына қатысып, 505 000 теңге алды. Жаңа аспаздық «Кусочек счастья» деп аталды.

 «Бастау Бизнес» жобасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жүзеге асырылуда. Жоба халықты кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, сонымен қатар олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталаған. «Бастау» жобасының мақсаты – кәсіпкерлік қызметке баулу арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер