«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында Көксу ауданы Іскер әйелдер кеңесінің форумы өтті

2019 жылғы 28 Қараша
- Жетісу облысы
4647 просмотров

Алматы облысында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының Көксу ауданындағы іскер әйелдер кеңесінің форумы өтті.

Форум - кәсіпкерлер, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер, көп балалы аналар, жастар үшін еркін диалог алаңы, онда олар өз мәселелерін айта алады, жетістіктер туралы сөйлесе алады және тәжірибе алмасады. Форум барысында қатысушылар әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы мәселелерді де талқылады.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы А. Оңғарбаева кәсіпкерлерге кадр мәселелерін тиімді шешудің әдістері туралы, «Атамекен» ҰКП-ның жұмысы жайлы және кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары туралы, сонымен қатар салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы К.Нурадилова Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі маңызды өзгерістер туралы айтты.

«Біз өздерін іскерлігімен таныстырған, тәжірибесі мол және тәжірибелерін әріптестерімен бөлісу үшін әйелдерді алып келдік. Жалпы, аймақтағы әйелдердің белсенді екендігі, барлығы бизнес істеп, күйеулеріне, балаларына көмектескісі келетіні жақсы білеміз», - деді Римма Салыкова, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің төрағасы.

Өз кезегінде «Клеопатра» сұлулық салонының тырнақ стилисті В.Красноусова өзінің сәттілік тарихымен бөлісті, кәсіпкер Анар Книзбекованың айтуынша, «мұндай кездесулерді «Атамекен» ҰКП-сы жетекші кәсіпкерлер басшыларымен жиі өткізілуі өте маңызды».

Сондай-ақ форумда жан басына шаққандағы қаржыландыру, ауыл үшін қаржы ресурстарының болуы, мектеп формасын тігу, ауылшаруашылық кооперативтерін құру, кадрлық мәселелерді шешу және басқа да мәселелер талқыланды. Осы мәліметтер негізінде Кеңестің болашақтағы қызметінің негізгі бағыттары айқындалады.

Жалпы алғанда, Көксу ауданында 3 мыңнан астам адам кәсіпкерлікпен айналысады, олардың 42%-ы әйелдер. Форумға 70 іскер әйел қатысты. Форумның белсенді қатысушылары бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қажетті шаралар кешенін әзірлеу, сараптамалық бағалау және жылжыту мақсатында құрылған, оның міндеттеріне табысты әйелдердің әлеуетін шоғырландыру, қаржыландыруды тарту, инвестициялау және әйелдер кәсіпкерлігінің бизнес-мүмкіндіктерін кеңейтудің басқа да құралдарын құру, әйелдер кәсіпкерлігінің жобаларын іске асыру, Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау және дамытудың бағдарламалары мен жоспарларын қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді. Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдердің жеке кәсіпкерлікке қатысуын, олардың экономикалық бастамаларын қолдау және олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және т. б.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер