«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сот шешімдерін болжауға жасанды интеллект көмектеседі

2019 жылғы 30 Қыркүйек
- Алматы қаласы
13476 просмотров

Сот шешімдерін іздеу және болжау бойынша жасанды интеллектті енгізуді, 2019 жылы жол картасы аясында «Атамекен» ҚР ҰКП ҚР Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып жүзеге асырылуда. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Алматы қаласында өтіп жатқан 2019 жылғы сайынғы қазақстандық заң форумы барысында мәлімдеді.

Жобаны Қазақстан-Британ техникалық университетінің мамандары Назарбаев университетінің Жасанды интеллект зертханасының қызметкерлерін тарта отырып жүзеге асыруда. Іске асыру үшін арнайы құрылған жобалық кеңседе АҚШ-тың (IBM Watson, Legal Aid), Францияның (Soft Law), Ресейдің (РосПравосудие, КонсультантПлюс) қолданыстағы жүйелерінің тәжірибесін зерттеді. Әзірленіп жатқан жүйе әлемдік жүйелердің аналогы болмақ.

Рустам Жүрсінов атап өткендей, жасанды интеллект жүйесі кәсіпкерлерге сот актілерін іздеуге және сот істерінің ықтимал аяқталуына болжауға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру соттардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді, сот актілерінің ашықтығын, сот тәжірбиесінің біркелкі болуын және прецеденттік құқықты енгізуді қамтамасыз етеді, бұл сайып келгенде соттарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге әкеп соғады.

«Бірінші кезекте бұл судьялар үшін жасалады. Бұл көмек, даудан бас тарту және соттардағы қандай да бір даулы мәселелерді қарау кезінде зейінді арттыру. Екінші міндет-бұл медитация. Сіз біреумен сөйлесуге ниет білдіргенде, осы жүйеге кіріңіз және ол сіздің жетістігіңіздің пайызын береді. Егер ол төмен болған жағдайда, онда сізге келісу қажет. Осылайша, сот жүйесіне түсетін жүктеме азаяды», - деді ол.

Оның ақпараты бойынша, жасанды интеллект жүйесіне 1 200 000 сот актісі және 120 000 талап арыз жүктелді. Жүйе барлық сот инстанциялары бойынша «өмірлік циклін» қадағалауға, сот шешімдерін шығару кезінде «аномалияларды» анықтауға үйретілген. Сонымен қатар, талапкердің шағымы бойынша ұтысының ықтималдығын жасанды интеллект алгоритмдерінің көмегімен анықтау болжанады. Жобаның аяқталуы келесі жылдың басында жоспарлануда.

Анықтамалық

Қазақстандық заң форумы 9-шы рет өтуде. Іс-шараға ҚР Жоғарғы Сотының 300-ден астам спикерлер мен сарапшылары, ҚР Парламентінің және салалық министрліктердің, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның және  топ-100 компаниялар мен Қазақстанның жетекші заң фирмалары заң департаменттерінің директорлары қатысады.

Форумның бірінші күнінде 5 бірдей секция өтеді: Бизнес-құқық, ИТ-құқық және LegalTech, Медицина және Фармацевтика, Ритейл және FMCG, жастар форумы болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер