«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы бизнесмендері велосипед жолдары мәселесіне қатысты пікір білдірді

2019 жылғы 23 Тамыз
- Алматы қаласы
9938 просмотров

Кәсіпкерлер Байтұрсынұлы және Қонаев көшелерінің бір жағынан көлік тұрағын енгізу, екі жақты веложолдарды өзгерту арқылы бизнесті жабудан және үлкен шығындардан құтқаратынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнесмендер мен Алматы Қоғамдық кеңесінде Байтұрсынұлы және Қонаев көшелерінің аумағында автотұрақ жасау үшін, велосипед жолдарын алып тастау ұсынысын қолдаған. Айта кету керек, аталған көшелердің екі жағынан велосипед жолдары орналасқан, сондықтанда келуші тұтынушылар үшін көлікті тұрақтайтын мүмкіндік жоқ. Бизнес нысандары көшенің осыаумағында орналасқан Алматы қаласының кәсіпкерлері, қала басшысының шешімі бойынша өз пікірлерін білдірді.

Тимур Жаркенов «Қазақстандағы тәуелсіз автобизнес одағы» кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының кеңесшісі:

«Бұл аталған көшелерде веложолдары енгізілгенде, бизнеске теріс әсерін берді. Сауда үй-жайларына қолжетімділіктің болмауына байланысты жабылуға мәжбүр болған бизнестерде бар. Осы бойынша кейбір кәсіпорындар жабылды, ал қайсы бірінде сауда айналымдары төмендеді. Мен тұрақтарға тыйым салудан зардап шеккен, жүзден астам кәсіпкерлермен жеке кездестім. Орта есеппен алғанда, теріс әсер 30-дан 80%-ға дейін жеткен, яғни бұл ешкімге әсер етпей қоймаған. Барлық нақты фактілерді ескере отырып, қала әкімінің шешімін оң деп сана  ймын және дұрыс деп айта аламын, мен оның бизнес мүдделеріне қолдау  көрсеткеніне қуаныштымын.

Гүлнара Катибаева, Қазақстан Республикасы рестораторлар клубының жетекшісі:

«Екі жақты веложол енгізілгеннен кейін мейрамханалық бизнеске шығын аз болған жоқ. Біріншіден бұл жерлерде көлік тұрақтайтын жер болмады, ал екіншіден мұнда тіпті тоқтауғада болмайды. Осыған байланысты біздер, рестораторлар үлкен шығынға ұшырадық. Мысалы, Қонаев көшесінде «Арасан» кешені бар («Arasan Wellness & Spa» Spa-кешені) тұр. Олар да біздің клубтың мүшелері. «Арасана» кешенінде шын мәнінде мәселер туындады, өйткені адамдар Қонав көшесінен кіре алмайды, ал Төлебаев көшесі көлік кіруге тарлау болды, ол жерден келу қиынға соқты. Содан кейін Қонаев көшесінде «Гости» мейрамханасы тұр. Бұл мейрамхана үшін жақсы жағдай болмады, себебі оларда біршама тұтынушыларынан айырылды, біріншіден бұл жер көп жылдан бері жұмыс істеуде, екіншіден ол архитектуралық және тарихи құндылығы бар орын болып табылады. Бұл көшелерде көлік тұрағын енгізу туралы әкімдіктің шешімі бізді өте қуантты. Қалада барлығы жақсы дамуы үшін біз тұрақ орындарының мәселесін шешуіміз керек. Олар тым аз. Менің ойымша, бұл туралы тек рестораторлар ғана емес, сондай-ақ бизнес иелері де айта алады. Не дегенменде біз салық төлейміз. Адамдар алаңсыз жұмыс істеуі үшін, қала аумағында көп деңгейлі тұрақ орындарын орналастырмасқа».

Юрий Ковтун, «Дом одежды «Восход» ЖШС директоры»:

«2017 жылдың 1 қыркүйегінде Қонаев көшесінің екі жағынан веложол ашылды. Сол уақытта бізде 93 жалға алушы болған. Олардың әрқайсысында екі сатушыдан болды, немесе одан да көп болуы мүмкін. Бизнесмендер-жалға алушылар салық төлемін еш қиындықсыз төлеп отыратын. Жол енгізілгеннен кейін екі жалға алушы бірден кетіп қалды, үш айдын ішінде 93 жалға алушының 78-і қалды. Бірте-бірте, оларда кетіп жатыр, бүгінде бізде олардың 44-і бар, ал кейбіреулері бізбен келісімшарт бұзуға өтініш беруде. Біздің мақсатты аудиториямыз – үнемі тығыз уақытта жүретін іскер әйелдер қауымдастығы. Олар келіп тұрақтай алмай айналып жүріп алады, мүмкіндік жоқ болған соң кері қайтады. Біздің жалға алушыларымыз 15-20 жылдан бері тұтынушылардың базасын жасап алған, ал енді олар оны ақырындап жоғалту үстінде. Қаладағы басқада сауда орталықтарында дүкендерге бірнеше дүкендері бар жалға алушылар, өз тұтынушыларын сол дүкендеріне  жіберуде. Ал басқа дүкендері жоқ адамдар жай ғана жабылуда.  Жалға алушы кетіп қана қоймай, осы тұста екі сатушы өз жұмыс орындарын жоғалтып отыр.  Менің ойымша, егер жолдың бір жағынан көлік тұрағын енгізетін болса, тіпті ол ақылы болсада, бәрібір тұтынушылар келіп тоқтайтын болады. Бізді бір уақытта екі көшеден де «қиып» тастады – Қонаев жағынан да,  Шевченко жақтан да вело жолдар орналасқан».

Илья Нұрпейісов, «LETO» қосалқы бөлшектер дүкенінің директоры:

«Көлік тұрағынын мәселесімен біз дүкенді басқа жерге ауыстырғымыз келді, бірақ кейін қаланың барлық жерінде осы жағдай орын алып отырғанын ескеріп, қайта осы жағдайды өзгертуге тырыстық. Әкімдікке, кәсіпкерлер палатасына ұсыныс жібердік. Біз үш жылға жуық уақыт көлік бөлшектерімен айналысудамыз, осы жерде жұмыс істейміз. Біздің дүкенге қосалқы бөлшектерді, бамперлерді алуға келу өте қиын, тек жаяу келе аласын немесе велосипедпен ғана. Бізге қарама-қарсы дүкендер, жанынмызда дәріхана болған, барлығы жабылып қалды. Сондықтанда осы көшелерге көлік тұрағын қойса, біз шын  жүректен қуанышты болар едік. Мәселені шешу үшін біз кәсіпкерлер палатасында, кейін әкімдікке жиналдық, бұл оң шешімін табатынына сенбедік».

Дариха Аманжолова, «Dtoyz» дүкенінің коммерциялық директоры («Арсланова Т.Я» жеке кәсіпкерлігі):

«Шын мәнінде, біз көлік тұрағының жоқтығынан зардап шегтік. Біздің бизнесіміздің табысы жартылай төмендеді. Біз мұнда тұтынушыларды жинап, кейін оларды жоғалтып алдық. Бізге келетін сатып алушылар дұрыс тұрақтай алмай, тиісінше олар жүріп өтіп, басқа дүкендерге барады.  Біздің қасымызда «MEGA» бар, онда тұраққа өте ыңғайлы, келушілер сонда барады. Ал біздің дүкен мүлдем тұрақ орнынан кетті. Сондықтанда әрине бізде сауда жоқ. Қазіргі табысты, тек бір күндік өмір сүруге ғана деп атауға болады».

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер