«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарағандылық кәсіпкерлердің Германияда тәжірибеден өту мүмкіндігі бар

2019 жылғы 15 Мамыр
- Қарағанды облысы
6933 просмотров

Егер, бизнесіңіздің кең қанат қағуына қалаңыз тарлық етсе, «Іскерлік байланыс» жобасына қатысып, халықаралық нарыққа шыға аласыз.

Қарағанды облысы өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы жергілікті кәсіпкерлерге Германиядан тәжірибеден өту үшін «Іскерлік байланыс» жобасын ұсынып отыр.

8 шілде күні қанат қаққалы тұрған бұл жобаға кез-келген кәсіпкер қатыса алады. Өтінімдер облыс көлеміндегі кез-келген кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады.

 «Біздің бұл жобаның өзіндік талаптары бар. Қатысушы міндетті түрде басшылық лауазымындағы адам болуы тиіс. Кем дегенде ұжым басшысының орынбасары болуы тиіс.Бұл шетелден алып келген білімін кәсіпорынға толықтай бағыттау мақсатында жасалып отыр. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі Қазақстанда, екінші кезеңі шетелде бизнес-тәжірибеден өту және серіктестермен іскерлік келісім жасау  түрінде өтеді», - деді өңірлің Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің эксперті Аяна Тыныбаева.

Жобаның бірінші кезеңі 3 аптаға есептелген. Оның екі аптасы қатысушыларға шетелден келген мамандардың лекция оқуымен, үшінші аптасы бизнес-жобалар жасаумен өтеді. Бұдан соң шетелге барғысы келетіндерді іріктейді, олармен сұхбаттасу өткізіледі. Екінші кезең шетелдегі 4 апталық тәжірибе. Бұл жерде кәсіпкер өзінің бағытына сай кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді. Сол жерде өзінің іскерлігін шыңдап, серіктестер іздейді. Серіктестіктің бағыты әр түрлі. Мүмкін тауар алмасу не болмаса жаңа технологиялар әкелу тағы сол секілді дүниелер.

Шетелге баратын кәсіпкерлердің саны шектеулі екенін ескертеміз. Шетелге баратын қатысушылардың барлық шығыны ұйымдастырушылар тарапынан көтеріледі. Яғни, виза рәсімдеу, жол шығыны мен жатар орын, ас-ауқат шығындары толықтай өтеліп беріледі.

Бұл жоба «Жол картасы -2020» бағдарламасы аясында, «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастыруымен қолға алынды.  Толық ақпаратты Қарағанды өңірлік Кәсіпкерлер Палатасынан ала аласыздар. Мекенжай: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі 29, 317-кабинет. Байланыс телефоны: 50-64-18


Еншілес ұйымдар

Серіктестер