«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық компаниялар «Құрылыс – UzBuild 2019» халықаралық көрмесіне қатысуда

27 Ақпан 2019 - Алматы облысы
669 просмотров

Ташкент қаласындағы «Уз Экспоцентр» орталығында 230 өзбек және шетелдік өндірушілер мен өнім жеткізушілердің қатысуымен  «Құрылыс-UzBuild 2019» 20-шы Өзбекстан халықаралық көрмесі өз жұмысыны бастады

Сауда-өнеркәсіп палатасы  қолдауымен Қазақстан Республикасынан «Galaxy Group» компаниялар топтары – Nedex Almaty ЖШС және Fores ЖШС кәсіпорындары қатысып жатыр.

 «Galaxy Group» компаниялар тобының негізін қалаушы және құрылтайшысы Мехмет Артукарсланның айтуынша, көрме барысында компаниялар шетелдік әріптестерге өздерінің қызметі мен экспорттық әлеуеттерін таныстырды.

«Жыл сайын салалық көрмелер мен форумдарға қатысамыз, іс-шараларда алыс және жақын шет елдердің өндірушілерімен танысамыз, нарықтарды зерттеп, әрине, жаңа іскерлік байланыстарды орнатамыз», – деді Мехмет Артукарслан.

«Nedex Almaty» ЖШС Қазақстанда екіқұрауышты полисульфитті герметикті шығаратын тұңғыш және жалғыз компания. Кәсіпорын 2011 жылы құрылған. Шығарылатын өнімнің 50%-дан астамы экспортқа кетеді.

 Fores ЖШС – Қазақстанда ПВХ терезелері мен есіктерге арналған фурнитураны шығарушы алғашқы компания, оның негізі 2016 жылы қаланған. Шығарылатын өнім ассортиментінде қарымта планкалар, импост жалғауыштары, терезе, есік және бөлмеаралық есіктердің алюминийден жасалған тұтқалары, терезе және есік топсалар, алюминийден жасалған реттелетін 3D топсалар бар. Кәсіпорын шығаратын өнімнің 25%-ы экспортталады.

 Естеріңізге салсақ, UzBuild 20-шы мерейтойлық халықаралық көрмеге көтерме және бөлшек сауданың өкілдері, құрылыс және жөңдеу ұйымдарының мамандары, сәулет және дизайнерлік бюро өкілдері, бизнеске арналған сапалы әрі замануи материалдарды алуға мүдделі азаматтар қатысты.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме  келген қонақтардың көп болуы, негізгі министрліктер мен қауымдастықтардың қолдауы, сонымен қатар негізгі компаниялардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Көрме 1 наурызға дейін жалғасады.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер