«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Робот бухгалтерлердің сауалдарына жауап берді

2019 жылғы 08 Ақпан
- Алматы қаласы
4412 просмотров

Учёт.kz  ақпараттық портал ұйымдастыруымен өткен «Есеп-2019» VIII Қазақстан бухгалтерлері конференциясының арнайы қонағы ретінде робот шақырылды. Робот салық салудағы өзекті сұрақтарға жауап берді.

Бухгалтерия және қаржы саласындағы мамандарға арналған Қазақстанда жыл сайын ұйымдастырылатын ірі іс-шараға 5000 мыңнан астам бухгалтерлер қатысты.

 Конференцияда заңнамаға жасалған соңғы өзгерістерге орай есеп жүргізу және салық салудағы өзекті мәселелер түсіндірілді.

 Іс-шараның ашылуына Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов қатысты.

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы компания бухгалтерлеріне консультациялық көмек пен қолдау көрсетіп келеді. Үш жыл бұрын Алматы қаласы кәсіпкерлер палатсы жанынан Бухгалетрлер клубы құрылды. Клуб кездесулеріне сарапшылар ретінде кәсіби тренерлер, аудиторлық және консалтингтік фирмалардың өкілдері, тәжірибелі практиктер, мемлекеттік органдардың жетекші мамандары шақырылады. Бухгалтер клубы Учёт.кз сайтына қолдау білдірді – бұл ТМД аймағында үздіктердің бірі, бірегей жоба. Кәсіби сайтты бір айдың өзінде 600 жеке пайдаланушы қолданады, бұл көрсеткіш жобаға деген сұраныстың белгісі», – деді спикер.  

 Учёт.кз порталының бас редакторы – жақын арада Өңірлік кеңестің мүшесі атанған Максим Барышев бухгалтерия саласындағы жаңа мамандарға жаңа мүмкіндіктер, сонымен қатар тенденциялар мен өзгерістер туралы айтып берді.

 «Биылдан бастап порталымыз – бухгалетрдің көмек құралы. Оның мәні неде? Біз салық төлеуші кабинетін біздің онлайн банкингімізбен біріктіреміз. Қазірдің өзінде онлайн оқыту бар. Былтырдың өзінде сіздерге арнап 101 вебинар жүргіздік», – деді ол.

 Максим Барышевтың айтынша, Учёт.кз порталында жуық арада жаңа сервистер пайда болады, атап айтқанда бухгалтер күнтізбесі, контрагентті тексеру, интернет-дүкен, электронды құжат айналымы және басқа да өнімдер.

 «Посткеңестік лагерь елдерінде бухгалтерлер саны 1000-ға 10 адам. Бұл бухгалетрлердің үлкен әскері, бұл адамдар бизнес құруға көмектесді. Америка мен Еуропада бухгалтерлер саны – 1,5-2 %, яғни бізден гөрі айтарлықтай аз. Бұл қазіргі уақыттағы үдеріс», – деп, Максим Барышев сахнаға құпия қонақты шақырды.

    Осылайша қатысушылар алдына робот шығып, Максим Барышев қойған сауалдарға жауап берді, олардың ішінде ҚҚС, бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпарат бар.

 Кейін сахнаға сарапшылар шығып, Салық кодексіндегі соңғы жаңашылдықтар туралы ақпарат берді, бухгалтерия саласындағы кадрларды оңтайландыру, сонымен қатар – 2018 жыл үшін корпоративті табыс салығы бойынша жалдық есепті толтыруға қатысты практикум жүрігзілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер