«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Төтенше жағдайлар департаменті ынтымақтастық жөнінде келісім жасады

2019 жылғы 31 Қаңтар
- Жетісу облысы
4670 просмотров

Тараптар жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары мен нормавтитік-құқықтық актілердің мониторингін жүргізуді алдыға қойды

Келісімге Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов пен Төтенше жағдайлар жөніндегі  департаменттің (ТЖД) басшысы Ерлан Нұрпейісов Өңірлік палатада өткен жиын кезінде қол қойды. Құжат аясында тараптар бизнестің мәселелерін шешу бойынша жұмыс кездесулерді, жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын, нормавтитік-құқықтық актілердің мониторингін жүргізуді жоспарлап отыр.
 

«Бірлескен іс-шаралар аясында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауға балама ретінде аудит және профилактикалық бақылау жүргізуді ұсынып отырмыз. «Атамекен» алаңында кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруға дайынбыз», – деді Нариман Әбілшайықов.


Өз кезегінде Ерлан Нұрпейісов департамент кәсіпкерлердің өтініштеріне жылдам әрекет ететінін, лауазымды тұлғалар тарапынан заңбұзушылыққа төтеп беру мақсатында қатаң шаралар қолға алынатынын атап өтті.  

Кездесу барысында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин, Қазақстан мектепке дейінгі жекеменшік білім беру  ұйымдары қауымдастығының Талдықорған қалалық филиалының директоры Маржан Ахмеджанова, «Школа основ Управления» МЕҰ директоры Лариса Сергеева, «Метакон» ЖШС директоры Павел Сребный ұсыныстарын айтып, кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді ортаға салды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер