«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қазгидромет» жетісулық шаруаларға тегін агрометеорологиялық болжамдарды ұсынуда

2019 жылғы 18 Қаңтар
- Жетісу облысы
4357 просмотров

Агрометеорологиялық жазбалар өндіріс өнімділігн арттырып, шығындарды азайтады деп санайды мамандар

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Қазгидромет» РМК-ның Алматы облысының шаруаларымен кедесуі өтті. Кездесу барысында агрометеорологиялық мониторинг және болжам жасау бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Жоба агромониторинг және агроболжам бойынша қызмет көрсетуден тұрады. Болжамды және агрометеорологиялық ақпаратты қолдану ауыл шауаршылығы өндірісінде өнімділікті арттырып, қолайсыз метеорологиялық құбылыстардан болатын шығындарды азайтады, дейді мамандар. Агро қызмет мерзімі бір жыл ішінде қайтарымсыз негізде көрсетілетін болады.

Кездесуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов, Алматы облысы ӨКП директоры Нариман Әбілшайықов, «Қазгидромет» РМК бас директоры Марат Қынатов, шаруа қожалықтардың басшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

 

 «Осындай мониторинг және болжам арқылы шаруалар үсік, бұршақ жауын, боран және басқа да ауа райы құбылыстары жайында алдын ала ақпарат алатын болады. Анықтамалар ауар райыдан болған зардап үшін сақтындыру компаниялар және мемлекеттік ұйымдардан өтемақы алуға негіз береді. Бұдан бөлек «Қазгидромет» мәліметтері далалық жұмыстар, егін-оруды жүргізу, күздік дақылдардың жағдайын білу, минералды тыңайтқыштарды себу және арам шөптермен күресу үшін қажетті болады», – деді «Қазгидромет» РМК бас директоры Марат Қынатов.

 Жоба тестілеу режимінде 2018 жыл шілде айында Солтүстік Қазақстан облысында сыналған болатын, бұл өңірде агрометеорологиялық қызмет көрсету бойынша 25 келісімшарт жасалған. Төрт ай ішінде (шілде-қазан) кәсіпкерлер нақты ауа райы туралы және ауыл шаруашылығы дақылдары жайында ақпаратты электронды почта және WhatsApp арқылы алып отырды.

 Алматы облысы екінші пилоттық өңір болмақ. Қазіргі таңда агрометеорологиялық бақылаулар Алматы облысының 13 ауданындағы 23 бақылау нысанында жүргізіліп жатыр. Алайда қазіргі метеостанциясының радиусы 15 км-ны құрайды, бұл жайт объективті ақпарат бермейді және өңірдің толық қамтуға кедергі.

«Бүгінде «Қазгидрометте», оның ішінде Алматы облысында жабдықты техникалық модернизациялау жүріп жатыр. 2020 жылдың ортасына қараша Талдықорған облысында радиусы 250 км метеорологиялық радар орнатылады. Осылайша бүкіл облыс қамтылып, ауа райы құбылыстары жайында нақты деректер алынатын болады», – деді Марат Қынатов.

 Кәсіпкерлерге арналған қызметтер шеңберінде синоптикалық және агрометеорологиялық болжамдар, дауылды алдын ала ескерту және метеобағдарламалар берілмек. Сонымен қатар ғарыш түсірілімдері пайдаланылады, осылайша егістіктердегі «мәселелер» уақтылы анықыталып отырады.  

Қызығушылық танытқан шаруа және фермерлік қожалықтар «Қазгидромет» РМК-мен келісімшартқа отыруы керек. Қызмет көрсетудің алғашқы жылы – тегін.

 «Кассанжар» шаруа қожалығының басшысы Жанатбек Сарғалдақов кәсіпкерлерге арналған агроболжамның маңыздылығын атап өтті.

«Бұл кәсіпкерлерге арналған қажетті әрі маңызды қызмет түрі.  Егер ауа райы болжамдарын табиғи белгілер арқылы жасасақ, енді заманауи технологияларды пайдаланудың кезі келді. Аталған жоба өсімдік шаруашылығы үшін ғана емес мал шаруашылығы үшін де өзекті», – деді кәсіпкер Жанатбек Сарғалдақов.

 Кездесу барысында шаруалар жоба әзірлеушілерге сұрақтар қойып, болашақ ынтымақтастық бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

 Іс-шара қорытындысы бойынша Алматы облысы әкімдігі және «Қазгидромет» РМК арасында агрометеорологиялық мониторинг және болжамды дамыту туралы меморандумына қол қойылды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов жобаны жүзеге асырудың тиімділігіне сенімді және өнімділікті арттыру және шығындарды азайтуда жаңа технологияларды пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.  


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер