«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салық төлеудегі өзгерістерге қатысты конференция өтті

2019 жылғы 17 Қаңтар
- Алматы қаласы
11372 просмотров

«Салық туралы қарапайым тілмен: Салық 2019» – осындай атаумен Алматыда  тегін конференция өтті. Іс-шараны Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Мыңнан астам алматылық конференцияға қатысты.

Конференцияның ашылуына ҰКП Сауда департаментінің сарапшысы Ғалымжан Дуамбеков және Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов қатысты.

«Бес жыл ішінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 25 мыңнан астам өтінім келіп түсті, оның 40%-ы оң шешілді. Егер мәселе жүйелі болса, онда сәйкес заңдар мен қосалқы заңдарға өзгерту енгізу бойынша бастама көтереміз. Жалпы, мамандарымыздың  кәсіпкерлерге 132 млрд теңге үнемдеуге көмектесті, бұл алынып тасталған айыппұлдар, өсімақылар мен салыққа қосымша қосылған төлемдер», – деді Ғалымжан Дуамбеков.

 «Біз салықтық есептілікті құру және өткізу, бизнез-жоспар жасау, маркетингтік зерттеу жүргізу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу бойынша тегін қызмет көрсетеміз. Осы қызметтің барлығын біртіңдеп электронды форматқа өткізіп жатырымыз. ATAMEKEN SERVICES порталы іске қосылды. Порталда пайдалы сервистер бар, мысалы «Несие агрегаторы». Егер кәсіпкер несие алғысы келсе, онда порталдан осы сервисті тауып, жеке деректерді енгізу керек. Ары қарай өтінім еліміздегі барлық банктер мен қаржылық институттарына жіберіледі. Сонымен қатар  Аtameken Аcademy атты құрал енгізілген. Бұл кәсіп негіздері бойынша тегін білім курстары, бұл курстарды енді онлайн оқуға болады», – деді Айтуар Қошмамбетов.

Ал салық салудағы жаңашылдықтар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты  Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры, танымал спикер Дмитрий Казанцев берді.

 

Ол маңызды жаңашылдықтардан бастады – 2020 жыл 1 қаңтардан бастап саудаға арналған патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға тыйым салынатын болады. Бұл өзгеріс өңірдегі бизнесмендердің басым бөлігіне қатысты, өйткені Алматы – сауда мен қызмет көрсету саласының ошағы, экономиканың бұл секторы Жалпы өңірлік өнімнің 80%-ын құрайды.

Спикердің айтуынша, егер салық органдарының қызметкерлері біреуді ерікті-ықтиярсыз салықтың басқа режиміне өтуін талап етсе, бұл әрекет заңға қайшы болады. 2019 жылдың соңына дейін кәсіпкерлер патентпен жұмыс істей алады. Дмитрий Казанцев сонымен қатар биыл енгізілмек Бірыңғай жиынтық төлем туралы айтып өтті. Жиынтық төлем төрт міндетті төлемді: жеке табыс салығы,  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, БЗЖҚ-ға зейнетақы төлемдері және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қамтиды. Алматылықтар үшін биыл төлемнің мөлшері 1 АЕК немесе 2 525 теңгені құрайды.

Дмитрий Казанцев салық төлеудің оңтайландырылған режимін пайдалануға кімге болмайтыны жайында ақпарат берді. Акцизді маркаларға тиесілі тауарларды өткізетіндермен қатар бензин, дизель жанармайы мен мазута сатушылары, лоторея ұйымдастырушылары, темір сынақтары мен түрлі түсті және қара металл жинаушыларға бұл режим жүрмейді. Мәселен, консультациялық қызмет көрсететін кәсіпкерлер: коучтар, психологтар мен кеңес беретін кәсіпкерлер салықты жалпы белгіленген режим бойынша төлейді. Сонымен қатар жеңілдетілген режимді агенттік шарттары мен келісім негізінде қызмет көрсететіндер қолдана алмайды.

 «Бұл желілік меркетинг қатысушылары, қызметтерді сату немесе клиенттерді тарту, оған сату үшін процентке жұмыс істейтіндерге байланысты. Бұның бәрі – агенттік келісімшарттар, оларға жеңілдетілген режимді қолдану тыйым салынған. Бұған телефонға ақша салу басқа да төлемдерді жүзеге асыратын терминалдар жатпайды», –деді Дмитрий Казанцев.

 Ол түрлі қалалар мен өңірлерде филиалдары мен бөлімшелері бар салық төлеушілер туралы да айтып кетті.

 «Бір қалада жұмыс істеп, басқа қалада өкілдік ашқыңыз келсе, онда сізге де жеңілдетілген режим қолдануға болмайды. Осы ретте бір қала ішінде 20 нүктеңіз болса да ешбір мәселе туындамайды. Ал басқа қалада  нысан, орынжайды жалға берсеңіз, жеңілдетілген салық режимін қолдануға болады. Мысалға, астанада бір семинар өткізсеңіз, бұл басқа қаладағы бір реттік мәміле болып саналады және жеңілдетілген салықпен жұмыс істеуге болады. Бірақ басқа қалада кеңсе ашып, немесе бір айдан көп уақыт жұмыс істесеңіз, онда жеңілдетілген салық режиміне тыйым салынады»,– деді спикер.

Ол патент бойынша максималды айналым өзгерісіне назар аудартты. Ең төменгі еңбекақыға байланған барлық айналымдар ең төменгі есептік көрсеткішке қайта қаралған.

 «Енді күнтізбелік жыл ішінде патент бойынша ең жоғары айналым 3528 АЕК-тен немесе 8 908 200 теңгеден аспауы тиіс. Саудамен айланысатындардан басқалар үшін патент ставкасы –1%. Cаудагерлер 2% төлейді. Егер сауда қолма-қол ақшасыз жүргізілсе, онда патент ставкасы 1% болады», – деді Казанцев.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режиміне арналған максималды айналым өзгерді. Бүгін 24038 АЕК – жарты жыл үшін жеңілдік бойынша ең жоғары айналым (шамамен 60.7 млн теңге).

 Сонымен қатар іс-шарада интернет сауда, табыстарды жалпыға декларациялау, еңбек мәселелері, атап айтқанда қызметкерлерді жұмысқа алу мен босату, жұмысқа мигранттарды тарту мәселелері.

 Осындай конференциялар Қазақстанның басқа да қалаларында өтеді. Конференциялар кестесімен мұнда танысуға болады, тіркелу үшін сілтемеге өту керек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер