«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында үздік кәсіпорын байқауына дауыс беру басталды

2018 жылғы 05 Желтоқсан
- Жетісу облысы
2428 просмотров

Байқауға 100-ден астам кәсіпорын мен ұйым қатысады

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының сайтында taldykorgan.atameken.kz  облыстық кәсіпкерлік субъектілері арасында «COCAD BUSINESS AWARDS 2018» бірінші өңірлік сыйлығының онлайн дауыс беруі басталды.

Сыйлықтың мақсаты – өңірдің экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық дамуына үлес қосқан Алматы облысының кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметіндегі жетістіктерін тану.

Палата сайтында облыс тұрғындары жеңімпаздарды 21 аталымда таңдай алады, әр аталым бизнестің жекелеген саласын қамтиды. Байқауға облыстың 110 кәсіпорны қатысып жатыр.  

ӨКП taldykorgan.atameken.kz  сайтында дауыс беру «COCAD BUSINESS AWARDS 2018» Онлайн-дауыс беру» бөлімінде қолжетімді, дауыс беру 21 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жеңімпаздардың аты Талдықорған қаласында өтетін марапаттау салтанатында  жария етіледі.

Байқауды Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесі және облыс әкімдігінің қолдауымен «COCAD» (Consortium of Central Asia Development) ЗТҚ ұйымдастырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер