«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жастарға бизнес бойынша кеңес жүргізеді

2018 жылғы 27 Қараша
- Жетісу облысы
1675 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Алматы облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесе “Табысқа жетудің 7 қадамы” акциясын өткізеді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен “Даму” қоры филиалының менеджер-кеңесшілері жас кәсіпкерлерге, студенттер мен жұмыссыз жастар үшін мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіпкерлік негіздері жөнінде кеңес беретін болады.

Шара барысында жастар қызықтырған сауалдарына жауап алып қана қоймай, кәсіп бастаудың алғышарттары мен бизнестегі лайықты саланы анықтау түсіндіріледі. Сонымен бірге, арнайы бизнес-тренинг ұйымдастырылады.

Өтетін уақыты: 10:00-ден 16:00-ге дейін.

Мекенжайы: Талдықорған қ-сы, 8 ы/а, Кәсіпкерлер палатасы 1-қабат

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер