«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаржылық есептілікті жүргізудегі 10 қателік

2018 жылғы 26 Қараша
- Алматы қаласы
5827 просмотров

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Бухгалтерлер клубында бухгалетрлік және қаржылық есептеуді жүргізуде туындайтын күрделі жайттардың салдарына қатысты дәріс өтті

 Клубтың қараша айындағы жиынына ҚР аудиторы, DipIFR (АССА), кәсіби бухгалтер Елена Горбачева шақырылды. Сарапшы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша қаржылық есептеу жүргізуде жиі кездесетін 10 қателік» тақырыбында тренинг жүргізді.

Спикердің айтуынша, басты қателіктердің бірі – ұзақ мерзімді міндеттемелер мен активтер қысқа мерзімділерден ажыратылмауы.  

«Қаржылық есептеуді тапсырған уақытта ұйым айналымды және айналымнан тыс активтерді, сонымен қатар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді бөліп көрсетуі тиіс. Ал өтімділіктің деңгейі ұсыну әдісі бойынша сенімді және неғұрлым маңызды ақпаратты ұсынған кезде жеңілдік жасалады», – деп түсіндірді Елена Горбачева.

    Айналым активтері:

  • Активті сатуға немесе сату үшін ұстауға немесе қалыпты операциялық цикл ішінде қолдануға болады;
  • Актив сауда мақсатында қолданыста болады;
  • Активті есептілік жүргізілген күннен бастап 12 ай ішінде пайдалану қарастырылған;
  • Актив деп қаржылық құралдар немесе олардың пайдалануда шектеуі жоқ эквиваленттерін білдіреді;

Қысқа мерзімді міндеттемелер:

  • Міндеттеме қалыпты операциялық циклдің аясында реттеуді көздейді;
  • Міндеттеме есепті кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде өтелуге жатады;
  • Компания есепті күннен кейін кемінде 12 ай ішінде жауапкершілікті өтеуді кейінге қалдыруға сөзсіз құқығы жоқ.

 №2 қателік – форма алдында мазмұнның басымдық принципін елемеу. Ақпарат операциялар мен басқа да оқиғаларды шынайы сипаттауы тиіс. Операциялар олардың заңгерлік формаларына емес, экономикалық мәніне қарай белгіленеді.

 №3 қателік – негізгі қаражаттың пайдалы қызмет ету мерзімін дұрыс бағаламау. Пайдалы қызмет мерзімі –  активті пайдаланудың болжамды кезеңі немесе активті пайдалану арқылы болжанатын ұқсас бірліктер саны. Күтілетін пайдалы қызмет мерзімі активтің күтілетін қуаты немесе физикалық көрсеткіштері, болжамды физикалық, технологиялық және моральдық нашарлауы, активті пайдалану бойынша заңдық немесе басқа шектеулер негізінде күтілетін пайдалану негізінде анықталады.

 Шатасып кетпеу үшін Елена Горбачева негізгі қаражат тізілімін құрып, нөлдік теңгерімді құны бар объектілерді анықтау, мүкәммалды тіркеуде қалған пайдалы қызмет ету мерзімді бағалау, негізгі қаражат есебін жүргізу карточкасына өзгертулер енгізуді ұсынды.

№4 қателік – бухгалтерлік және жеке шоттар арасындағы салық бойынша айырмашылық. Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бухгалтерлік есептер шотының сальдосы салық төлеушінің жеке шотындағы сомалармен сәйкес келмейді. Бұл теңгерімсіздік салықтарды есептеу және төлеу кезінде есепке алудың дұрыс емес шотын / қосалқы шотын / қосалқы конто бухгалтерлік шотын қолдану салдарынан пайда болады. Себептердің арасында, сондай-ақ, бухгалтерлік есепте шығындарға жазылмаған өсімақылар мен айыппұлдар, салық бойынша декларацияланбаған төлемдер бар.

Мұндай олқылықтарды алдын алу үшін салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша тексеру, салыстыруды тоқсан сайын жүргізу ұсыналады, барық салықтар  мен басқа да міндетті төлемдер бойынша кесте (есеп) жүргізу және қосымша декларация көрсету керек.

№5 қателік – активтер және міндеттемелердің құны мен бар болуы арасындағы алшақтық. Себептері: бухгалтерияға ақпарат және құжаттарды уақтылы тапсырмау, түгендеудің болмауы, ішінара түгендеу, контрагенттермен салыстыру жүргізудің практикасының болмауы, бухгалетрлік есепте операцияны дұрыс көрсетпеу, өткен бухгалтериядан қалған «мұраның» болуы.

Келесі шараларды қолдану ұсынылады: активтер мен міндеттемелерді (әр тоқсанда кемінгде бір рет, материалдық жауапты адамдардың ауысуы уақытында), контрагенттермен салыстыру актілерін түгендеу, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес  бағалау, бухгалтерияға құжаттарды өткізу мерзімі мен ережесін ескеру керек.

Қаржылық есептілікті жүргізудегі қалған бес қателік –   кейінге қалдырылған салықты елемеу, ақшалай құралдарды қозғалысы туралы дұрыс емес есеп, байланысқан тараптар туралы ақпаратты жіберіп алу,  қаржылық құралдар мен тәуекелдер туралы ақпараты жіберіп алу, қаржылық есептілік нысандары мен жазбалар арасындағы келісімнің болмауы.

 Спикер осы олқылықтар бойынша егжей-тегжейлі мысалдар келтіріп, дәйекті түсіндірді.

Бухгалтерлер клубы отырысында Учет.кз порталының өкілі Елена Розинкина, Салық кеңесшілері палатасының жетекшісі Андрей Хорунжий және Алматы қаласы кірістер департаментінің өкілдері баяндама жасады. Клубтың тұрақты қатысушыларына Учет.кз өнімдеріне жеңілдіктер бойынша клуб карталары бірелді. Келесі тегін семинардың тақырыбы салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерді есепке ала отырып, корпоративтік табыс салығын түсіндіруге арналады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер