«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Талдықорған «Zhetysu Travel - 2018» халықаралық туристік форумына шақырады

2018 жылғы 18 Қазан
- Жетісу облысы
5516 просмотров

19-20 қазан күндері Талдықорғанда Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында «Zhetysu Travel - 2018» халықаралық туристік форумы өтеді.

Форум мақсаты – «Zhetysu Travel» брендімен Алматы облысының туристік тартымдылығын арттыру, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды туристермен жұмысқа тарту. Іс-шара аясында  Алматы облысы туризм басқармасының 2018 жылдың жазғы маусымының қорытындысы бойынша жүргізген жұмыстары, тауарлық-материалдық құндылықтардың қорытындылары, өнім стратегиясын құру және өңірдің цифрландыру туралы ақпарат беріледі.

Форум аясында «Zhetysu Travel» замануи туристің ақпараттық орталықтың ашылу салтанаты өтеді.

Форумда қазақстандық және ресейлік спикерлер сөз сөйлеп, өңірдің дамуына арналған маркетингтік құралдар туралы ақпарат беріп, «TripAdvisor» платформасымен жұмыс істеуді үйретеді. BBC телеарнасы қолдауымен фото және бейне роликтер байқауының қорытындысы жасалады, бас жүлде – Лондонға саяхат.

 Іс-шараның сүбелі жаңашылдығы Алматы облысы әкімінің «Zhetysu Travel awards» сыйлығын беру болмақ. Байқау «Үздік туроператор, «Үздік орналасу орны» (қонақүй, демалыс базасы мен аймағы), «Туризм саласындағы үздік инвестор», «Үздік серіктес», «Туризм туралы үздік авторлық материал» (БАҚ өкілдері мен блогерлер), « Алматы облысының турситік мүмкіндіктерін алға жылжыту бойынша үздік PR-жоба, «Аймақтық туризмді және туристік инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша өтеді.

 Форум «Тайқазан» ұлттық асхана фестивалімен аяқталады, оған 3 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.

 Форум бағдарламасы

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер