«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа тәртіпті білмеудің салдары шығынға әкелді

2018 жылғы 08 Қазан
- Жетісу облысы
4369 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) «Жедел ТЛ» компаниясының құқығын қорғап шықты. Кәсіпкер Алакөл ауданының шекара жанындағы Достық станциясында жүк контейнерін өткізбегені жөнінде шағымданған болатын. Белгілі болғандай, аталмыш тауарларға мемлекеттік тіркеудің жоқтығы себебінен санитариялық-карантин бөлімінің қызметкерлері жүкті (дезодорант) тоқтатқан.

ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің сарапшысы Мерлен Мұхамедияров Достық стансасының қызметкерлеріне бұл тауар түріне мемлекеттік тіркеудің қажеттілігі алынып тасталғаны жайлы тәртіптің бар екенін мәлімдеді.

«23.09.2011 жылдың №789 Кеден одағы комиссиясының, 18.09.2014 жылдың №79, 02.12.2015 жылдың №82 Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің шешіміне, Кеден одағының 009/2011 Техникалық тәртібіне сәйкес дезодоранттарды Қазақстан Республикасының аумағында жеке қолдану үшін мемлекеттік тіркеуден өткізудің қажеттілігі жоқ», – делінген сарапшы Мерлен Мұхамедияровтың жауабында.

Осыдан кейін стансаның санитариялық-карантин бөлімінің қызметкерлері кәсіпкердің жүгін Қазақстан аумағына өткізуге рұқсат берді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер