«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нормативтік-құқықтық актілер электрондық мемлекеттік тіркеуге көшіріледі

2018 жылғы 24 Қыркүйек
- Жетісу облысы
4842 просмотров

«Атамекен» алаңында нормативтік-құқықтық актілерді рәсімдеу қағидаларына енгізілген  өзгерістер мен толықтыруларын түсіндіруге арналған жиын өтті. Шараға Өңірлік кәсіпкер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Әділет Сұлтанбек, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Қайрат Пилалов, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен мәслихаттардың заңгерлері қатысты.

Спикерлер нормативтік-құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен түсіндіріп өтті. Белгілі болғандай, мемлекеттік органдар өкілдері нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде заң талаптарын толық түрде орындамайды.

Нормативтік-құқықтық актілерді рәсiмдеу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар осы жылдың 24 шілдесінде қабылданған Үкімет қаулысымен енгізілді.

Бұл Үкіметтің қаулысы орталық мемлекеттік органдардың және облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін электрондық мемлекеттік тіркеуге толық көшуін көздейді (2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарланған, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерімен шығарылатын актілерді қоспағанда).

Қағаз түрінде ұсынылатын «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгілері бар НҚА қоспағанда, мемлекеттік органдардың НҚА электронды түрде мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы ұсынылуы қажет. Сондай-ақ, Үкімет қаулысымен НҚА әділет органдарына ұсыну мерзімі қысқартылды, НҚА заң сараптамасын жүргізу мерзімдері өзгертілді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер