«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қаз Тек Инвест»: Әлемге жарық сыйлаймыз

2018 жылғы 06 Қыркүйек
- Жетісу облысы
11821 просмотров

Күнделікті тұрмыста қолданатын және көшеде көріп жүрген жарықшамдар, лампалар, аспалы шамдар, розеткалар, ұзартқыштар мен басқа да жарық техникасы елімізде де жасалады. Дәлірек айтқанда, жарықтандыратын жабдықтарды Алматы облысының Жамбыл ауданында «Қаз Тек Инвест» кәсіпорны шығарады.

Барлық жағынан да бірегей және инновациялық зауыт 2012 жылы Қасымбек ауылында ашылды. Орналасқан аумағы 20 мыңнан астам шаршы метрден асады. Екі жыл өте зауытта «Тексан Пласт» маркісімен әр түрлі өлшемдегі кабельді каналдарды шығару қолға алынды. Бұдан кейін компания шығарылатын өнім көлемін ұлғайтып, Қазақстан нарығына сапалы және бәсекеге қабілетті тауарды ұсына бастады.

«2015 жылы «Тексан Металл» жобалық желісі бойынша электрқалқандарды, өрт қалқандарын, қоқыс жәшігін, шешінуге арналған және құжаттар мұрағатына арналған металл шкафтарды жасау жолға қойды. Осы мерзімнен бастап Бішкек, Душанбе, Ташкентте, кейін Дубай, Панама мен Ганада бөлімшелеріміз ашылды», – дейді компанияның бас директоры Диас Құрмашев.

Қазіргі таңда зауытта ай сайын 200 мың өнім шығарылады. Бұл дегеніміз 350 түрлі өнім – кеңседегі, көшедегі, өндірістік және тұрмыстық жарықдиодты шамдар. Өнімдердегі қазақстандық құрам үлесі 92%-ды құрайды. Оның сапалы болуын Жапония, Түркия мен Голландиядан әкелінген құрал-жабдықтар қамтамасыз етіп отырады.

Осы уақыт ішінде «Қаз Тек Инвесттің» республика бойынша төрт филиалы мен 13 дилерлік дүкені бар. Сонымен бірге ол Қазақстандағы VIKO by Panasonic компаниясының жалғыз дистрибьюторы болып табылады.

«Қаз Тек Инвест» Алматы облысы мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Зауытта 200-ден астам жұмыс істейді. Жалпы «Тексан» компаниялар тобында 2000 тарта адам еңбек етеді.

Компанияның экспорттық әлеуеті зор. Кәсіпорын басшысы Диас Құрмашевтің айтуынша, өнім Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Парсы шығанағы елдеріне, Латын Америкасына, БАӘ, Гана сияқты мемлекеттерге экспортталады.

«Біз қазақстандық компаниялардың ішінде бірінші болып отандық тауарды Парсы шығанағы елдеріне, Латын Америкасы мен Африка елдеріне экспорттай бастады. Гуан Джоу қаласында жарықдиодты деңгейлер мен дроссельдерді шығаратын жеке зауытымыз бар. Біздің мамандар кез келген өнімге 10 жылға дейін кепілдік бере алады», – деді Диас Құрмашев.

Зауыттың тағы бір маңызды бағыты «Тексан Молд» брендімен пресс-формалар мен штамптарды шығару мен жөндеумен байланысты.

Компания республикалық және халықаралық көрмелер мен сапа байқауларының белсенді қатысушысы. Мысалы, биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында «Өндірістік мақсаттағы тауарлар» аталымы бойынша екінші орынды иеленді.

«Жоғары білікті мамандарымыз жаңа өнімдерді әзірлеумен айналысу үстінде. Тауардың мақсатына қарамастан, өніміміздің сапасы жоғары, құны бәсекеге қабілетті және ұзақ мерзімге жарамды», – деп қорытты «Қаз Тек Инвест» басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер