Бизнес өкілдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін жетілдіру жұмыстарына қатысады
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы (ары қарай – Заң жобасы) келіп түсті.
Заң жобасы әкімшілік-шетін заңнаманы ары қарай жетілдіру, сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ізгілендіру мен жазалаушылықты төмендетуге бағытталып отыр (ары қарай – ӘҚБК), оның ішінде:
- әкімшілік құқықбұзушылық құрамдардың бір легін азаматтық немесе тәртіптік жауапкершілік саласына ауыстыру;
- жұмсарту және азайту ықтималдығын қарастыру үшін әкімшілік санкцияларды қайта қарау;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыру үшін сот және соттан тыс істер бойынша өкілеттіктерді айқындау;
- жеке өнім, жұмыс немесе қызмет үшін жарнамаға жауапкершілікті белгілейтін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі құрамдарын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бір бабында біріктіру;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті кезең кезеңмен электронды форматқа ауыстыру;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің құқық қолдану практикасында анықталған құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою.
Заң жобасы бойынша ұсыныстар болса, ақпаратты «Атамекен» ҚР ҰКП Заңнама департаментіне мына электронды мекенжай бойынша жолдауды сұраймыз: kh.shaimerdenov@atameken.kz, тел. 8 (7172) 919 355
Пікір қалдыру:
Пікірлер: