«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алакөлде «Бәрі де рахмет үшін!» дүкені жұмыс істейді

2018 жылғы 27 Шілде
- Жетісу облысы
5207 просмотров

Алакөл ауданының Қабанбай ауылында «Бәрі де рахмет үшін атты әлеуметтік дүкені ашылды. Аудандағы тұңғыш қайырымдылық дүкені Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен құрылып, «Искорка» супермаркетінде орналасты.

Мұқтаж ауыл тұрғындары, отбасылар мен ерекше қажеттілігі бар балалар үшін тегін түрде азық-түлік пен шаруашылық тауарлары, киімдер мен мектеп заттары беріледі.

 

«Бәрі де рахмет үшін!» дүкеніне біздің кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары белсенді қолдау білдірді. Бастамаға өз үлесін қосуға барлық азаматтарды шақырамыз. Бастысы, бұл бір реттік шара емес, көмек тұрақты түрде көрсетіліп отырады», - дейді дүкен жетекшісі, кәсіпкер Ғалия Кенжасарова.

Айта кетейік, қайырымдылық көрсету орнын ашу туралы ұсыныс осыған дейін Алакөл ауданы іскер әйелдерінің бірінші форумында айтылған болатын.

 

«Қабанбай ауылының әйел кәсіпкерлерінің бастамасы қазіргі кездегі өте қажетті және маңызды іс деп ойлаймын. Өйткені, біздер болмасақ, қиын жағдайға тап болғандарға қол ұшын кім береді?! Осылайша бір ауыздан жасалған көмек мұқтаж азаматтардың құлазыған көңілдеріне демеу болады», - деп атап өтті Алакөл ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Баршагүл Саятова.

Еске салсақ, «Бәрі де рахмет үшін!» әлеуметтік дүкендері Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларында, сондай-ақ, Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек, Талғар ауданында жұмыс істейді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер