«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық ұн мен макарон өнімдері сұраныста

2018 жылғы 20 Шілде
4638 просмотров

18 шілде күні Кабулда қазақстандық бизнес-қоғамдастық және Қазақстан мен Ауғанстан ресми өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы өтті.

Қазақстандық делегацияны Ауғанстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Асадулла Замир және Энергетика және су ресурстары вице-министрі Али Ахмад Османи қарсы алды.

 Ауғанстан 40-тан астам компания тауарын таныстырды. Қазақстан делегациясы тамақ өнеркәсібі, энергетика, құрылыс-монтаждау, жөндеу-сервис саласында тауарлар ұсынды.

 Көрме барысында ауғандық компаниялар қазақстандық ұн, макрон өнімдері, трансформаттарлар және басқа да таураларды импорттау жайын талқылады.

 Кабулдағы сауда-экономикалық миссияны ұйымдастырушылары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Ауған Ислам Республикасындағы ҚР Елшілігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстан Сыртқы Сауда палатасы және Ауғанстан Сауда-өнеркәсіптік палатасы болды.

Анықтама үшін: Қазақстанның Сыртқы Сауда палатасы  2014 жылдың 29 шілдесінде құрылды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес компаниясы болып табылады. Негізгі міндеті қазақстандық бизнес мүддесін сыртқы экономикалық салада көрсету, қазақстандық тауар, жұмыс, қызмет экспортын алға тарту.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер