«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеке балабақша жұмысы тоқтамайтын болды

2018 жылғы 16 Шілде
- Алматы қаласы
7182 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкер палатасы кәсіпкер құқығын қорғап қалды

Ерекше тәртіппен жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нәтижесі бойынша Алматы қаласы Алатау ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Kinder Ville» ЖШС-на 2 АЕК (48 100 теңге) көлемінде  айыппұл салды. Алайда бұл шара шенеуніктер үшін аздық етті, олар кәсіпкерді жауапкершілігі шектеулі серіктестікті, яғни «Kinder Ville»балабақшасын жабу бойынша сотқа талап арыз берді.

Балабақша басшылығы тексеру кезігде анықталған олқылықтарды жойды, толығымен салынған айппұл сомасын өтеді, және ол туралы шенеуніктерге уақытнда хабарлады. Алайда Басқарма талап арызын қайтармады. Кәсіпкердің құқығын қорғауға Алматы қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасы кірісті.

 «Талап арызды егжей-тегжейлі зерттеп, біз шенеуніктер арызын заңсыз әрі негізсіз деп таптық. Өтйкені қолданыстағы заңнама талап етіп отырғандай, өз әрекетімен немесе әрекетсіздікпен «Kinder Ville» балабақшасы адам денсаулығына зиян келтірген жоқ, және осы әрекеттер қылмыстық жазаланатын білгілерге жатпайды», – деді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің сарапшысы Бауыржан Сералиев.

 Палата өкілдері сотқа талап арызға қарсы жазбаша жауап жазды да кәсіпкердің мүддесін қорғап, бірінші сатыдағы сот отырысына қатысты. Алматы қаласы Мамандандырылған экономикалық ауаднаралық соттың азаматтық істі қарау қорытындысы бойынша талапкердің өтінімін қанағаттандыру кезінде Алматы қаласының Алатау аудандық денсаулық сақтау департаменті «Киндер Виль» ЖШС –ға қатысты талабын  қанағаттандыру толығымен бас тартылды. Сот шешімі күшіне енген жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер