«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Консультативтік-кеңесші органдарды түйткілді мәселелерді қарауда бизнесті қатыстыруға шақырды

2018 жылғы 04 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
6342 просмотров

Бизнес-қоғамдастық өкілдері мен консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіретін аккредиттелген бизнес-қауымдастықтардың жиналысында 4 мәселе шығарылды. Негізгісі – «Консультативтік-кеңесші органдар жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету»  тақырыбы.

Жиында сөз алғандар мәліметтерді өзекті ету негізінде тұрақты жүмыс істейтін Консультативтік-кеңесші органдардың тізімі жасалғанын атап өтті. Бизнес өкілдері анағұрлым маңызды да басымдыққа ие 27 Консультативтік-кеңесші органның құрамына кіретіні анықталған.

Оның қатарына барлық деңгейдегі әкімдіктердің жанындағы жер комиссияларын, сондай-ақ табиғи монополияларды реттеу, индестриялы-инновациялық даму, грант бөлу, салық және кедендік әкімшіліктендіру, жер қойнауын пайдалану жөніндегі сарапшылық және консультативтік кеңестерді жатқызуға болады.

Олардың көбінің тиімділігі айқын. Дегенмен, бүгінде өңірдегі бизнес-қоғамдастықты белсене қатысуға шақыру мәселесі туындады. Бұл ең алдымен орын алған түйткілді мәселелерді шешуде ортақ пікір білдіру үшін қажет.

«Бір жағынан кәсіпкерлер үшін басым Консультативтік-кеңесші органдарға қатысу бизнеске сенудің бір қырындай болады. Екінші жағынан жиындарға қатысу, материалдармен танысу және уақытын сарп ету керек, себебі бұл жұмыс қоғамдық бастамаларда жүзеге асады, қосымша жүктеме болады. Алайда, осы жаңдайларға қарамастап бизнес өкілдері бір ұстаным, құқық қорғау және заңды мүддені білдіруге түсіністікпен қарап келеді», – деп атап өтті «Шағын бизнес орталығы» ЗТБ жетекшісі Шолпан Махмудова.

Қатысушылар пікір аламаса отырып өңірде бизнесті дамытуға қатысты маңызды шешім қабылдауда бастамашылық танытуға, ұстанымдарын білдіруге дайын екендіктерін білдірді. Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан Консультативтік-кеңесші органдардың отырысында ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен жүйелі жұмыс атқаруға ниетті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша басым Консультативтік-кеңесші органдарда бизнестің қатысуына қажетті квота, атап айтқанда олардың құрамында 50% бизнес өкілдері болу керек деген қағида сақталғанын атап өту керек.

Жиын соңында Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында 9 қауымдастықтың аккредиттелгені туралы куәлік тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер