«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанда тауар бегісін қалай жалпыға белгілі деп тануға болады?

2018 жылғы 27 Маусым
23197 просмотров

Бір қарағанда бәрі де қарапайым – тауар белгісі бар, қарқынды қолданыстың арқасында сату көлемі үлкен және жарнамалық кампаниядан тұтынушылар арасына танымал, міне бұл нағыз көпшілікке танымалдылық. Бірақ осындай деңгейге бірді-екілілер ғана жетеді.

Тауар белгісінің жалпыға танымалдылығы не береді?

Басты және ең маңыздысы – барлық тауар мен қызметтерге қатысты қорғау. Тауар белгілері туралы мақалада белігілі болғандай, әдеттегі тауар белгісін тіркеу туралы өтінім берілгенде көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты құқықтық қорғауға ие болады. Расымен де танымал тауар белгілері үшін біреудің танымалдылығын басқа бір салада пайдалануға тырысатын бастамашыл өндірушілермен танымал брендті пайдалануға берумен байланысты мәселе өте үлкен.

Әрине, қомақты соманы жұмсап, тауар белгісін Тауарлар мен қызметтердің халықаралық классификациясындағы барлық 45 класында тіркеп алуға болады. Бірақ, Халықаралық классификатордағы соңғы және нақты редакциясына енгізілген соншалықты ауқымды тауар мен қызметке өнімнің барлық түрі енуі мүмкін емес. Оның үстіне жыл сайын нарықта тауар мен қызметтің жаңа түрі еніп келеді, оны қадағалау көптің қолынан келе бермейді. Дегенмен де көпшілікке танымал тауар белгісінің құқықтық қорғауы мынадай, танымал белгілі бір тауар мен қызметке қатысты қорғау кез келген тауар немесе қызметке қолданылады.

Тағы бір қолайсыз жайт бар, егер қарапайым тауар белгісін қандайда бір тауар немесе қызметке қатысты қолданылмаса, онда кез келген қызығушылық танытқан тұлға сол тауар немесе қызметке қатысты тіркеуді жоя алады. КӨПШІЛІККЕ ТАНЫМАЛ ТАУАР БЕЛГІСІНЕ ЖҮРМЕЙДІ. Қай тауар мен қызметке жалпыға танымал тауар белгісі қолданылғанына қарамастан, кез келген өнімге көшіріп басқанда оның құқығы бұзылады.

Тауар белгісінің көпшілікке танымалдылығын мойындау процедурасы туралы:

1-қадам. Тауар белгісінің танымалдылығын тексеру үшін әлеуметтік сауалнама жүргізу

Сауалнама кемінде жеті жүз қатысушының арасында, Қазақстанның 7 қаласында, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары арасында міндетті түрде жүргізілуі керек. Сауалнама қорытындысы 18 жастан асқан қатысушылардың арасында белгі қаншалықты танымал екенін көрсетеді. Тұтынушылар сол белгіні қандайда бір тауар немесе қызметпен байланыстыра ма, олар қай уақыттан бері біледі, сол белгінің өнімін тұтына ма деген сауалдардың жауабы алынады.

Сауалнама қорытындысымен тауар белгісін көпшілікке танымал екенін мойындауға бола ма немесе өз брендін танымал ету үшін қанша қаражат пен күш жұмсау қажет екенін нақты білуге болады.

2-қадам. Тауар белгісін көпшілікке танымал деп мойындау туралы өтінім дайындау

Заңда тауар белгісінің танымалдылығын дәлелдейтін өтінімді дайындауда жалпы ұсыныстар ғана көрсетілген. Оған тауар белгісінің көп қолданылатынын құжаттық растау, сату көлемінің статистикасы, жылдық орташа тұтынушылардың саны туралы мәлімет, жарнамаға кеткен шығын туралы мәлімет және оның қарқындылығы туралы растау құжаты және т.б. жатады.

Берілген материалдар тауар иесі өз брендін танымал етуге көп күш жұмсағанын, басқа өндірушілер тауар белгісін  түрлі салаларда қолданғанда тұтынушыны расымен де шатастыратынын шынайы дәлелдеуі керек.  Әрбір белгі үшін жеке мәліметтер көлемі дайындалады, себебі қолдану саласы, сатып алушылар аудиториясы, белгі қолданылған тауар мен қызметтің бекітілуі айтарлықтай әр түрлі. Мұндай іріктеудің басты мақсаты – тауардың танымалдылығын бұлтартпай дәлелдеу.

Өтінімді ҚР Әділет министрлігіне жолданады. Берілген өтінім туралы мәлімет ресми сайтта жарияланады, мүдделі тұлғалар тауар белгісін тануға қарсы негізді дәлелдерін бере алады. жарияланған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін тауар белгісін жалпыға танымал екенін мойындау бойынша Комиссияның отырысы бекітілуі керек.

3-қадам. Тауар белгісінің танымалдылығы туралы дәлелді қорғау

Тауар белгісін жалпыға танымал екенін мойындау туралы материалды тиісті комиссия жүргізеді. Ол үшінші тұлғалардың тауарды жалпыға танымал етіп мойындауға қатысты қарсылығын қабылдап, талқылайды. Комиссия мүшелерінің пікірінше өтінім берушінің материалы көз жеткізетіндей дәлеледі емес болса немесе үшінші тараптың тауар белгісінің манымалдылығын мойындауға қарсы материалдары толықтырылуы керек болған жағдайда, тауар белгісін мойындау немесе бас  тарту туралы шешім қабылдағанға дейін Комиссия отырысы бірнеше кезеңнен тұруы әбден мүмкін. Комиссияның шешіміне қарсы Заң бойынша Сотқа шағымдануға болады.

4-қадам. Көпшілікке танымал тауар белгісінің тіркелуін алу

Комиссия тауар белгісінің танымалдылығын мойындау туралы шешім шығарған жағдайда, белгі көпшілікке танымал деп мойындалған күн бекітіледі, оған реттік нөмір беріліп, мемлекеттік баж төленгенде, Мемлекеттік көпшілікке танымал белгілердің тізіліміне енгізіледі. Бұл туралы мәлімет «Өнеркәсіптік меншік» ресми бюллетенінде жарияланады. Растау құжаты ретінде мемлекеттік реестрден анықтама беріледі. Жалпыға танымал тауар белгісін тіркеудің қолданылатын мерзім – оның танымалдалығы мойындалған күннен бастап 10 жыл.

Тәжірибеде көрсетілгендей, тауар белгісінің көпшілікке танымалдылығын мойындау процедурасы 6 айдан 1 жылға дейін созылады. Жалпыға танымал тауар белгісін тіркеудің қолданылатын мерзімін ұзарту берілген өтінім негізінде және мемлекеттік баж төленгенде жүреді.

Автор Юлия Локтева, «Болотов и Партнёры» ЖШС

 


Рубрика «Право интеллектуальной собственности» призвана ответить на эти вопросы, разъяснить что в казахстанском имуществе защищается в качестве объектов интеллектуальной собственности. Рубрика создана Национальной палатой предпринимателей РК «Атамекен» совместно с компанией ТОО «Болотов и Партнёры»

Еншілес ұйымдар

Серіктестер