«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын және орта бизнесті несиелеу үшін Ұлттық Банктің ынталандыруы аса қажет – Тимур Құлыбаев

2018 жылғы 06 Маусым
9101 просмотров

Бүгін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Қаржы секторы комитетінің отырысында шағын және орта бизнеске несие беруді өсірудегі ынталандыру шаралары талқыланды. Ұлттық палата аталған мәселеде қаржы нарығына қатысушылар пікірі мен бизнес мүддесін ескере отырып, бірыңғай ұстанымды белгілеуді көздеп отыр.

«Атамекен» ҚР ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев бүгінде экономиканы несиелеуді қалпына келтіру өзекті мәселе екенін атап өтті. Қаржы институттарында қысқа мерзімді өтемпаздық тетігі бар.

 «Үкімет пен Ұлттық Банктің атқарған жұмысы қаржы секторын айтарлықтай оңалтуға көмектесті. Бүгінде банктердің мүмкіндіктері басқа екенін көріп отырмыз. Осының арқасында банк қоғамдастығының күн тәртібі айтарлықтай жаңарды. Құтқару бойынша шұғыл шаралардан сапалы өркендеуге қарай бет бұрып жатырмыз», –  деді ҰКП басшысы.

Осы ретте Тимур Құлыбаев қаржыландыру базасын ұзарту қажеттілігіне назар аударды, онсыз өндірісті жаңғырту және жаңа кәсіпорындарды іске қосу сынды экономиканың шынайы секторын ұзақмерзімді несиелеу мүмкін емес. Осы бағытта айтарлықтай қолдауды квазимемлекеттік ұйымдар көрсете алады, өйткені олар қаражатты депозиттерде сақтаудан гөрі, облигацияларды сатып ала алады.

Кездесу қатысушылары мемлекеттік компаниялар мен банктер үшін қаражат жинаудың өзіндік құнының айырмашылығы болуы Қазақстанның қаржы нарығында тең емес жағдайды тудырып отырғанын атап өтті. 

«Әртараптандыру мәселесі орын алып отыр, экономиканы несиелеу қажет. Экономиканың жаңғырту бағдарламасына бағытталған шартталған қаржыландырудың болуы шарт. Банктер дәстүрлі түрде құрылыс, сауда мен өңдеу өнеркәсібін несиелендіреді. Экономиканың  шұғыл қаржыландыруды қажет ететін секторларын анықтайық», – деді Тимур Құлыбаев.

ҰКП Төралқа Төрағасы реттеуші орган қаржылық қадағалауды қатаң жүргізуі салдарынан банктерге жаңа несие беру, ал кәсіпкерлерге несие алу үдерісі қиынға соғып жатқанын айтты.

 «Ұлттық банктің ұстанымын жақсы түсініп отырмыз әрі оны қолдаймыз да, дегенмен орын алып отырған мәселелерді де шешу керек. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті ары қарай несиелеу және экономиканы дамыту бойынша Ұлттық Банктің қаржы ынталандырмасы өте қажет. Қаржы нарығына тек репрессиялық шараларды қолдану дұрыс емес», – деді Тимур Құлыбаев.

Қаржы секторының өкілдері Ұлттық банкке берілетін ұсыныстарын айтты, оның ішінде банктердің несиелеудегі валюталық өтімділігін пайдалану мақсатында валюталық тәуекелдерді хеджирлеу механизмін қолдануды кеңейту мәселесі бар. Сонымен қатар несиелеуді жандандыру мақсатында сенімді контрагенттермен және мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестіктермен келісімшарттарды тану да көтерілді. 

Талқылауды қорытындылай келе бизнес-қоғамдастық пен қаржы секторын несиелеуді белсендендіру бойынша барлық ұсыныстарды тұжырымдау туралы шешім қабылданды. Бұл ұсыныстар Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы Ұлттық Банк пен ҚР Үкіметі қаралымына шығарылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер