«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында «Парыз» байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда

2018 жылғы 05 Маусым
- Жетісу облысы
6428 просмотров

Өңірлік коммуникациялар қызметінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева, Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары Мұрат Мәдіғұлов пен «ТАТЭК» АҚ баспасөз хатшысы Нұржамал Әбеуова қатысты.

Мұрат Мәдіғұлов қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мен бизнес-құрылымның еліміздің дамуына қосқан үлесін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін елімізде жария етуге бағытталған «Парыз» сыйлығына өтінім қабылдаудың басталғанын мәлімдеді. Жыл сайын байқауға 30-дан 50-ге дейін кәсіпкерлік субъектісі қатысады. Республикалық деңгейде әр жылдары байқаудың лауреаттары ретінде 2008 жылы - «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Алматы қанты» ЖШС, 2009 жылы - «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Нусипов и К» ЖШС, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «JTI» компаниялар тобы, 2010 жылы - «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша «Томас» ЖШС, 2011 жылы - «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Әділ» ШҚ, 2012 жылы - «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «ТК Интеграл» ЖШС, 2013 жылы - «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «ТАТЭК» АҚ, 2016 жылы - «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «ТАТЭК» АҚ, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «ТК Метакон» ЖШС атанды.

 

«Өткен жылы Алматы облысының кәсіпорындары арасында «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында «Kagazy Recycling» ЖШС жеңімпаз атанды. Байқауға қатысу тегін және өтінімдер 1 шілдеге дейін қабылданады. Сонымен қатар, конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін бағалау үшін сараптамалық жұмыс тобы құрылды», – деді Мұрат Мәдіғұлов.

Спикер 2018 жылдың 1 наурызында басталған «Еңбек шартын     жасаңыздар!» республикалық акциясының іске асырылуы нәтижелерімен таныстырып өтті. Акцияның ұйымдастырушылары Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіподақтар федерациясы болып табылады. Шараның мақсаты - бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек  саласындағы өз құқықтарынан хабардар болу деңгейін арттыру. Акция аясында тікелей телефон желісі құрылып, еңбек инспекторлары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Сұрастыру кезінде 643 жұмыскер еңбек шартысыз жұмысқа тартылғаны анықталып, бүгінде толық еңбек шарты жасалды. Облысымыздағы барлық жұмыс берушілерді және жұмысшыларды заң талаптарын сақтауға шақырамыз», – деп атап өтті М.Мәдіғұлов.

Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева бизнес өкілдері үшін «Парыз» сыйлығының маңыздылығын атап өтті.

«Қазіргі таңда кәсіпкердің жаңа бейнесі қалыптастырылуда. Бүгінгінің кәсіпкері ұжымының жағдайын ойлайтын, еңбек шарттарын жасаған, экологияға, жалпы өңірдің дамуына үлес қосатын іскер азамат. Аталмыш критерийлердің барлығы жыл сайынғы «Парыз» байқауын тағайындау кезінде ескеріледі. Көпке мәлім, осындай бизнесмендер әрбір қала, аудан мен ауылда бар. Мысалы, жақында Кербұлақ ауданының кәсіпкері Қаныш Ниетбаев өз қаражатына балаларын алаңқайын салып берсе, Ұйғыр ауданындағы Варис Исламов 5 млн теңгеге Кіші Ақсу ауылындағы Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізді. Жыл сайын Райымбек ауданында «ТЭК «Беркут» ЖШС басшысы Ләззат Ботабекова мұқтаж азаматтарға 300 тонна көмір түсіріп береді», – деді спикер.

Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілік үлгілері Ұлттық палата бастаған «Атамекенім» республикалық акциясы аясында насихатталуда. Акция қайырымдылық мәдениетін және әлеуметтік жауапкершілікті жүйелі дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасы жанында нақты мәселелерді шешуге, жалпы кәсіби қайырымдылықты дамытуға арналған Әлеуметтік мәселелер реестрі жұмыс істейді. Әлеуметтік мәселелер реестрі арқылы қандай да бір көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тізімге өтінім қалдыра алады. Кәсіпкерлер өтінім-тілектермен танысып, қолдау білдіре алады.

«Парызға» қатысу тәжірибесімен, сондай-ақ, кәсіпорындағы әлеуметтік саясаттың жүргізілу жолдарымен «ТАТЭК» АҚ «ТАТЭК» АҚ баспасөз хатшысы Нұржамал Әбеуова айтып берді. «ТАТЭК» аталмыш сыйлықтың екі рет жеңімпазы атанған компания.

«Кәсіподақ комитеті арқылы қызметкерлердің денсаулығын жақсарту мен емдеуге көп көңіл бөлінеді. 2017 жылы профилактикалық, емдеу және оңалту мақсатында 46 азамат түрлі санаторийларда денсаулықтарын түзеді. Жұмысшыларға асханада ынсапты баға бойынша ыстық тамақ ұсынылады және жұмыс пен үйге тасымалдау қызметі бар. «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпорнымыздың көпбалалы отбасыларына оқушыларды мектепке дайындау үшін 1,6 млн теңге бөлінген», – деді Нұржамал Әбеуова.

Сонымен бірге кәсіпорын тұрақты түрде балалар үйлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтарға, Ауған соғысы мен ҰОС ардагерлеріне көмек көрсетіп отырады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Біздің мысал – басқаға ғылым
9 Қараша
2015
Ақтөбе облысы
Адамзат үшін!
27 Шілде
2015
Қарағанды облысы
Корпоративтік азаматтық
8 Шілде
2015
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер