«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында парапланерлық спорт бойынша Әлем кубогы басталды

2018 жылғы 05 Мамыр
- Жетісу облысы
5139 просмотров

«Тау Жетісу» кешені базасында парапланерлық спорттың дәлме-дәл қону түрінен Әлем кубогы басталды

 Іс-шараны ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің өкілі Санат Түсіпов, Экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршки және қазылар алқасы өкілдері қатысты.

 Айта кетелік, Парапландық спорт бойынша жарыс Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жарыс спорт пен туризм саласындағы айтулы оқиға.

Кубокта 14 мемлекеттен келген 100 қатысушы бақ сынамақ. Қазақстан құрама командасын Талдықорған мен Алматы спортшыларынан құралған 4 топ қорғайды. Қатысушылардың арасында ең үлкен команда – 24 спортшыдан құралған Индонезияның құрамасы.

 Спорт жарысының ұйымдастырушылары Экстремалды спорт федерациясы, Қазақстан авиациялық спорт қауымдастығы, Алматы облысы әкімдігі, Өңірлік кәспкерлік палатасы.  

Парапланерлық спорттың дәлме-дәл қону түрінен Әлем кубогы 6 мамырға дейін жалғасады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер