«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Салық қызметкерінің сағаты» өтті

2018 жылғы 11 Сәуір
- Жетісу облысы
1174 просмотров

Қоғамдық қабылдау

Осы жылдың наурыз айынан бастап Кәсіпкерлер палатасы әрбір айдың екінші сәрсенбісі күні «Салық қызметкерінің сағатын» ұйымдастырып келеді. Сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары кәсіпкерлерді түрлі мәселелер бойынша кеңес беріп, қабылдау өткізеді.

Бүгінгі «сағатқа» облыстық департаменттің түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Әуелхан Әлішеров және Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов қатысты.

Кәсіпкерлер тарапынан зейнетақы жүйесіне төлем жүргізу, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемді артық төлеу, әлеуметтік салық және т.б. мәселелер бойынша кеңестер берілді.

Қабылдауға келген азаматтардың ішінде сәуір айында ғана компаниясын ашқан жас кәсіпкер болды. Мамандар кәсіпкерге ЖШС үшін оңайтылған салық режиміне көшуге және бірінші жартыжылдық аяқталған соң бухгалтерлік және статистикалық есепті әзірлеу үшін Талдықорған қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінуді ұсынылды. Себебі, Орталықта кәсіпкер үшін бухгалтерлік мәселелер бойынша тиісті есептерді шығарып, дайындап береді. 

Айта кетейік, ендігі таңда «Салық қызметкерінің сағатының» 8 мамырда өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер