«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» жобасы Алматы облысында

2018 жылғы 03 Сәуір
- Жетісу облысы
4616 просмотров

Оқыту 16 аудан мен 3 қалада өткізіледі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев мәлімдеді.

Айтуынша, «Бастау Бизнес» жобасы 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Өткен жылы оқыту пилоттық режимде облыстың жеті ауданында өткізілді. Курсқа 1 312 адам қатысып, оның 285 қатысушысы өз ісін ашып, жобалары жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржыға қаржыландырылды. Бизнес-жобалар сан түрлі: мал және өсімдік шаруашылығынан бастап, өндіріс пен қызмет көрсету саласына дейін қамтыды.

«2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасы барлық аудан орталықтарында, сондай-ақ, Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларында ұйымдастырылады. Биыл 3,3 мың адамды оқытып, 600-ден астам жобаны қаржыландыруды жоспарлап отырмыз», -  деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев.

Жалпы өңірге шағын несиелендіруге 4,3 млрд теңге бөлінген.

Спикердің сөзінше, «Бастау Бизнеске» жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтар және ісін кеңейтуге мақсат қойған жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер де қатыса алады.

Қатысуға өтінім Жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданады және үміткерлер онлайн тестілеуден өтеді. Оның нәтижесі бойынша оқуға қабылданады. Облыс бойынша тестілеу 14 сәуірге жоспарланған.

Оқыту бағдарламасы 12 модульден тұрады. Қатысушыларға салық режимдері, заңнама, маркетинг негіздері, бизнес саласындағы сұраныстағы бағыттар және т.б. білім беріледі. Сонымен бірге, тәжірибелік сабақтар, кәсіпкерлік объектілерін аралау, табысты бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады. Бір айлық курста сабақты отандық бизнес-тренерлер  беретін болады.

Алматы облысында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту16 сәуір күні басталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер