«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салық қызметкерлері Кәсіпкерлер палатасында қабылдау жүргізді

2018 жылғы 14 Наурыз
- Жетісу облысы
1300 просмотров

Қабылдау әрбір айдың екінші сәрсенбісінде жүргізіледі

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында «Салық қызметкерінің сағаты» атты жоба басталды. Енді әрбір айдың екінші сәрсенбісінде Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде сағат 10:00-ден бастап 13:00-ге дейін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) қызметкерлері салық мәселелері бойынша кәсіпкерлерді қабылдайды.

Алғашқы қабылдау 14 наурыз күні МКД түсіндірме жұмыстары басқармасының басшысы Нағипа Абдуллина мен МКД түсіндірме жұмыстары басқармасының бас маманы Салтанат Әділбекованың қатысуымен өтті.

«Кәсіпкерлер әр ай сайын мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен тікелей кездесіп, қажетті кеңестер беріледі. Сонымен қатар, өз өтініштерін де қалдыра алады. Осылайша салық органы ашық және қолжетімді жұмыс форматын ұсынып отыр», – дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Санат Түсіпов.

Мамандар кәсіпкерлерге жер салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар бойынша және т.б. сұрақтар бойынша кеңес берді. МКД өкілдерінің айтуынша, Салық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер бизнес үшін оң әсерін тигізуде.

 Айта кетейік, алдағы уақытта «Салық қызметкерінің сағаты» Кәсіпкерлер палатасында 11 сәуір күні өтеді. 

Анықтама үшін: 8 7282 401-498, 8 705 222 33 71.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер