«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іле ауданында жарық мәселесі өзекті

2018 жылғы 22 Қаңтар
- Жетісу облысы
6093 просмотров

Кәсіпкерлер саладағы жетістіктер мен мәселелерді ортаға салды

Іле ауданында әкімдіктің бизнес-қоғамдастықпен кәсіпкерліктің дамуына қатысты жыл сайынғы кездесуі өтті. Іскерлік басқосу «DAMU Logistics» индустриалды-логистикалық орталығында (ИЛО) өтті. Жиын Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Іле ауданының кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Жанна Телпекбаева, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайқов, Кәсіпкерлер палатасының Іле аудандық филиалының басшысы Қанат Рахымов, Іле ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Құматаев, «DAMU Logistics» ИЛО директоры Серік Қарабаев және аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен өтті.

Жиын басында Жанна Телпекбаева Іле ауданы ірі өндірістік, қаржылық, инвестициялық жағынан тартымды басты аудандардың бірі, кәсіпкерлердің белсенді іскерлік орталығы екенін атап айтты.

«10 жыл бойы Іле ауданының бизнес-қоғамдастығы желтоқсан айының бірінші жұмасы күні Кәсіпкер күнін атап өтеді. Жыл сайын осы уақытта біз жұмысымыздың қортындысын шығарып, ауданның бизнес-ахуалына бағамызды береміз, серіктестеріміз бен кәсіпкерлерді марапаттап, жоспарларымызбен бөлісеміз. Іле ауданы кәсіпкерлерінің қауымдастығы да өте белсенді. Бүгінде  құрамында 200-ден астам мүшесі бар», - деді кәсіпкер.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы (ӨКП) Нариман Әбілшайықов бизнес-ахуал мен қалыптасқан жағдай туралы айта келе жергілікті билік өкілдерін жарықпен жабдықтау мәселесіне назар аударды. 

«Боралдай» индустриалды аймағында бес өндірістік кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр және 10 млрд теңгеден астам сомада тағы да үш кәсіпорынның құрылысы жоспарланған. Олардың бір бөлігіне шетелдік инвестиция тартылған, 400-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Алайда, күні бүгінге дейін «Боралдай» аймағында электрмен жабдықтау өзекті болып тұр. Осы сұрақты шешу мақсатында ҚР Инвестициялық даму министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен кездесу өткізу туралы бастама көтердік», - деп атап өтті ол.

Сонымен қоса, Нариман Әбілшайықов бір сала кәсіпорындарын шоғырландыруға бағытталған арнайы шағын индустриалды аймақтарды құру жөнінде айтты.  

«Отандық өндірушілердің өніміне сұранысты ынталандыру тағы бір маңызды мәселе болып қалуда. Осыған байланысты ұзақмерзімді келісім-шарттарды жасау мен жергілікті өндірушілерді қолдау аясында жергілікті мазмұн үлесін арттыру керек», - деді ӨКП басшысы.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының жұмысына да атап өтілді.

«Өткен жылы Кәсіпкерлер палатасына түскен барлық шағымдардың 80%-нан астамы оң нәтижемен шешілді. Жыл ішінде бизнестің мүліктік құқықтары 900 млн теңгеге жуық қорғалды. Біздің Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында 23 мың кәсіпкерге 29 мың түрлі сұрақтар бойынша сервистік қызмет пен кеңестер берілді», - деді.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Құматаев бизнестің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі орын алатынын айтты.

«Аудан әкімдігі кәсіпкерлік саласындағы проблемлық сұрақтар бойынша өкілеттілігі аясында тұрақты түрде мәселелерді шешу бойынша көмек көрсетіп отырады. Сауалдар жер қатынастары, сәулет және құрылыс, коммуналдық шаруашылық, рұқсат беру қағаздарын сүйемелдеу мен рәсімдеуге байланысты», - деп атады ол.

Айтуынша, 2017 жылы ауданда 21 өндірістік кәсіпорын жүмысын бастаған, жұмыс істеп тұрған 16 кәсіпорын кеңейтілген, жаңадан 610 жұмыс орны құрылған.

«Ауданда сомасы 52 млрд теңге болатын 17 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде 7 жоба 11 млрд теңгеге іске асырылып, қазіргі таңда 325 жұмыс орны пайда болды. Олар - бұрамашеге мен шегелерді өндіретін «Метбұйым зауыты» ЖШС, металл бұйымдарын шығаратын «Металл Строй» ЖШС, металл ыдыстарын шығаратын «IBT GROUP» ЖШС, электравтобустарды құрастыратын «Хайгер квозерс» ЖШС, пластик бұйымдарды дайындайтын «ДВС» ЖШС, бетон бағаналарын шығаратын «МББ зауыты» ЖШС, «Макдональдс» тамақтандыру желілеріне арналған нан өнімдері мен салаттар жасайтын «Фуд таун» ЖШС», - деп қосты аудан әкімінің орынбасары.

Жиын қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлікті және ауданның экономикалық жағдайын дамытқаны үшін бірқатар кәсіпкерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен бірге жиын қатысушылары ИЛО-ның қызметімен танысты. Бүгінгі таңда орталықта қажетті инфрақұрылымы бар өндірістік алаңдар орналасқан.

Анықтама үшін: 2017 жылдың қорытындысы бойынша Іле ауданында шағын және орта бизнес субъектілері саны 9394 жеткен. ШОБ-тан түскен салық көлемі 15,9 млрд теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстарғанда 29%-ға артқан. Тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің көлемі 156,3 млрд теңгені құрады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер