«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерге қатысты негізсіз сот шағымы қайтарылды

2018 жылғы 19 Қаңтар
- Жетісу облысы
5824 просмотров

Іле ауданының әкімдігі кәсіпкерді сотқа бермек болған

Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының «Комиссарова Людмила Алексеевна» жеке кәсіпкеріне (ЖК) қатысты мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы азаматтық ісі кәсіпкердің пайдасына шешілді. Осыған дейін әкімдік жеке кәсіпкер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің атына сотқа шағымданған болатын. Жергілікті атқарушы билік органы кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу келісім-шартын, ЖК мен коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті арасындағы сатып алу және сату жөніндегі келісім-шартты заңсыз деп тануды талап етті.

 Белгілі болғандай, 2001 жылы кәсіпкер Людмила Комиссарова Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігі ғимаратының ішінен бір бөлмені жекешелендіріп алады. Онда күні бүгінге дейін кеңсе тауарларын сатумен айналысады. Жылдар бойы дүкен атқарушы биліктің жұмысына еш кедергі келтірген емес, 16 жыл бойы кәсіпкер әйелдің негізгі табыс көзі болып отыр.

 Комиссарованың айтуынша, 2016 жылы ауылға жаңа әкім Серік Күзембаевтың сайлануымен жағдай өзгере бастаған. «Бұл жер өзге бір адамға ұнап қалғаны бар» сынды әңгімелер айтыла бастады», - дейді ол.

«Өткен жылдың соңында әкімдіктегі заңгерлер сотқа жүгініп, ЖК-ға қатысты ешбір негізсіз мүлікті мемлекет меншігіне қайтаруды талап етеді. Алдын ала сот отырысы барысында талап қоюшылар соттан шағымды қарастырмау, кері қайтару туралы арыз түсірді», - дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім сарапшысы Диас Оташбаев.

Сарапшының айтуынша, сотқа арыз беру үшін үлкен негіз болу керек және талап қою мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс. Кәсіпкер Людмила Комиссарованың ісі бойынша талап қою мерзімі  16 жылды құраған.

Айта кетейік, істі талапкерсіз қарастыру туралы жазбаша арызға байланысты әкімдік өкілдері сот отырысына келмеді. Осыған байланысты сот шағымды қарастырусыз қалдырды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер