«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бағалау қызметіндегі жаңашылдықтар

2018 жылғы 10 Қаңтар
6898 просмотров

2018 жылдың 10 қаңтарында Елбасы  «Бағалау қызметі туралы» ҚР заңына қол қойды. Заң аясында баға беру қызметі саласында заңнамалық жетілдіру, халықаралық стандарттарды енгізу мен құнына сай сапалы қызметпен қамтитын баға беру қызметін реттеу жүйесі қарастырылған. 

Заңның тұжырымдамалық ережелерінде баға беру кәсіби қызмет саласындағы бейкоммерциялық ұйымдар палаталарының негізінде өзін өзі реттеу міндеттелген.

Баға беру қызметіндегі өзін өзі реттеу жүйесі төменде көрсетілген ережелерге негізделеді:

  • Баға берушілер палатаға бірігу жеке тұлғалардың мүшелік шарттар негізінде жүзеге асырылып, заңнамалық негізде ең көп мүшелер саны 300 баға беруші жеке тұлға болып бекітіледі.
  • Лицензиялық рәсімдерді қысқарту мен жеңілдету мақсатында баға берушілерді сертификаттаумен қатар баға беру қызметіндегі жеке тұлғаларды лицензиялау жойылды. Кәсіпке рұқсат алу өзін өзі реттеу ұйымдары қарамағындағы Квалификациялық комиссия арқылы жүргізілетін болады.
  • Баға берушілердің есептерін сараптау рәсімі және бағалану сапасын ішкі және сыртқы бақылау енгізілуде.
  • Өзін өзі реттеу ұйымдарына байланысты әкімшілік жауапкершілік бекітіліп, ең ауыр шаралардың бірі өзін өзі реттеу ұйымдары қатарынан алып тастау болып табылады.

Еске салсақ, баға беру қызметінің өзін өзі реттеуі  «Өзін өзі реттеу туралы» ҚР Заңының 32 бабында енгізілген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер