«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Райымбек ауданында мал соятын цех ашылды

2017 жылғы 05 Қыркүйек
- Жетісу облысы
2955 просмотров

Алматының сауда орындарында еті өнімінің сұранысы жоғары

Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылында қараусыз қалған және тозған ғимараттар баршылық. Оларды жаңарту үшін әкімшілік жылдар бойы жаңа инвесторларды іздеу үстінде. Бірнеше ай бұрын осындай қараусыз қалған нысандардың бірін аудан тұрғыны Аслан Баянғожаев жалға алды. Аз уақытта ғимарат ішін жөндеп, онда мал соятын цех ашты. Бизнес жоба аудан түрғындары мен билік өкілдері тарапынан қызу қолдау тапты. 

Цех - Аслан Баянғожаев үшін алғашқы кәсіпкерлік нысаны. Бұған дейін ол Кәсіпкерлік палатасының Райымбек аудандық филиалының қолдауымен «Бизнес-Кеңесші» жобасына жазылып, кәсіпкерлік негіздерінің оқуын тәмамдады. Кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мал сою цехын ашу туралы ниетін білдірген.

«Кәсіпкердің жобасы бойынша әкімдікпен бірлесе ғимаратты жалға беру мәселесін қарастырып, қажетті құжаттарды жинай бастадық. Жалпы, бұл цех аудандағы барлық талаптарға сай ашылған алғашқы орын. Шаруа қожалықтарының көптігіне қарамастан, кез келгені жеке қасапхана жасауға мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан, бұл бинес түрі өте табысты және болашағы зор», - дейді Кәсіпкерлер палатасының Райымбек аудандық филиалының директоры Жанна Қырғызалықызы. 

Бүгінгі таңда қасапханада қажетті құрал-жабдықтардың барлығы бар. Мал жинайтын алаң, соятын жер мен өнімді сақтайтын мұздататын камералар дайындалған. «Райымбек Ет» цехында төрт адам жұмыс істейді. Аптасына 30-дан астам мал сойылады. 

«Етті Кегендегі орталық базарда сатамыз. Бірақ, өнімнің басым бөлігі Алматы қаласындағы сауда нысандарында шығарылады. Себебі, онда біздің етке сұраныс жоғары. Алдағы уақытта цехты кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз», - дейді кәсіпкер. 

Сонымен бірге, Аслан Баянғожаев ауылда мал базарын ұйымдастыруды қолға алмақшы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер