«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бағдарламаларға ауылдық жерде қаражат тиімсіз бөлінеді

2017 жылғы 08 Тамыз

Ауылда қайталанатын оқыту бағдарламалары – қаражаттың тиімсіз үлестірілуі

8 тамызда «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен өткен ҚР Үкіметінің отырысында өзекті мәселелерді көтеріп, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламасын, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсынысын ортаға салды

«Жобаны қаржыландыруды бастаған сәтте айтарлықтай кедергілер анықталды, ең алдымен, бұл қаражатты алу мүмкіндігінің төмендігі», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Ұлттық палата ауыл тұрғындарына арналған оқыту бағдарламаларының барлығын тексеруді ұсынады. Мысалы, аудандарда «Бастау Бизнестен» бөлек, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының аясында «Бизнес–Кеңесші» жедел-оқыту курсы, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Кәсіпкерлік негіздері» курсы мен жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін бизнес негіздері бойынша тренингтер бар.

«Бірін-бірі қайталайтын бағдарламаларды жүргізілуі оқыту сапасына бақылау жүргізілмегенде, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау деп саналады. Ауылдық жерде «Бастау Бизнес» жобасын бірыңғай оқыту бағдарламасы ретінде қалдыруды ұсынамыз, себебі қазіргі таңда бұл жоба сұранысқа ие», –  деді спикер.

Басқарма Төрағасы «Бастау бизнес» жобасын 2017 жылы еліміздің 80 ауданында оқытып, ал 2018–2021 жылдар аралығында барлық 160 ауданда тек осы жоба бойынша оқытуды қалдыруды ұсынды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражат тек 1200-ден астам бизнес-жобаны қаржыландыруға жетеді, ал мақсатты көрсеткіш – 3000. Сондықтан «Атамекен» Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен бірлесіп Бағдарламадан тыс қосымша қаржыландыру тетіктерін іздеуге мәжбүр. (...) Мұнымен қоса, алшақтық та байқалды: егер бөлінген қаражат 10 облысқа жеткілікті болса, 4 өңірге, атап айтқанда Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарына қосымша қаржы бөлу қажет. Бүгінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басшылығымен «Бастау Бизнес» аясындағы бизнес-жобаларға ғана шағын несие бөлу туралы нақты келісім жасалды», – деді Абылай Мырзахметов.

Спикер қайта инвестициялау шарасыз амал екенін атады. Шындығында «Бастау Бизнес» жобасына қатысушыларға шағын несие Бағдарламада көрсетілгендей 7 жылға емес, бар болғаны 3 жылға беріліп отыр.

Бүгінде қорғалып жатқан бизнес-жобалардың 80% агроөнеркәсіп кешеніне қатысты. Тәжірибе жүзінде анықталғандай, ауыл шаруашылығындағы бизнес-жобалардың өтелім мерзімі басқа жобаларға қарағанда айтарлықтай ұзақ.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП мүдделі министрліктермен бірлесіп, аталған Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар топтамасын әзірлеу үстінде.

«Биылғы тәжірибеде бөлінген қаражаттың жетпейтіндігі анықталды, сондықтан алдағы жылдарда Бағдарламаны қаржыландыру сомасын арттыру туралы шешім қабылдау маңызды», – деп түйіндеді Басқарма Төрағасы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер